Күліп тұрып көтергенбіз, Жанымызға жабырқау жат
Қасым Аманжолов өлеңі
Араласып кеттік сеңдей.
Өзенінде қан майданның
Солдат болдық кәдімгідей,
Білер парқын қара нанның.
Сапырылды ерсіл-қарсыл
Жорық жолы – майдан теңіз.
Айлар сынып, таусылды жыл,
Айрылысып қалыппыз біз.
Жүдемедік сонда бірақ,
Жарқылдадық салған жерден.
Жаңа достық алдық құрап,
Шартараптан келгендерден.
Жауды жауша қарсы алдық біз,
Шынықтырып алдық жанды.
Тулап теңіз, шайқалды құз,
Алдық барып не қамалды!..
Жүрдік аңсап өткен күнді,
Шала жиған дастарқанды,
Кілт үзіліп қалған күйді,
Аяқсыз ән, мұңлы жарды.
III
Жеңдік жауды, алдық кекті,
Мөңкіп тулап, басылды апат.
Мең-зең етіп жер мен көкті,
Тынды-ау ақыр бір ғаламат.
Ескі дозақ орынындай
Қирап, қаусап қалды қала.
Күміс күмбез, алтын сарай
Қалды сонан төрт бағана.
Көнбіс ана бұл қара жер
Сезе ме екен мың жарасын?
Сезер болса, едік сүйер
Әр төбесін, әр құз, тасын.
Не деген біз қайратты елміз,
Болса-дағы не ғаламат.
Күліп тұрып көтергенбіз,
Жанымызға жабырқау жат!
Жеңіп жауын, достар үйге
Келіп жатыр жеке-жеке.
Шалқып тағы бастық күйге,
Бейбіт өмір – бір жәрмеңке.
Жайдық қайта дастарқанды,
Қолда ойнатып кесемізді.
Құштық қайта сүйген жарды,
Кім айырар енді бізді!
Домбыраны бұрап қайта,
Құшырлана сүрттік шаңын.
Бір жарқ етер осындайда
Өткен шағың, болашағың!
Қайта жалғап тарттық біздер
Кілт үзілген көңіл күйін.
Өтті, кетті қатал күндер, –
Көңілге бір тастап түйін.
Көп едік біз, көп едік біз
Демалыс күн мәжілісте.
Біз әлі де көп екенбіз, –
Кел, достарым, кеттік іске!
1946
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау
Адамшылық амандасудан басталады
«Қамқорлыққа зәру балалар мен шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын реттейтін заңдық базаны зерделеу
Бақыт - игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені және ең жетілгені. .
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Зейнолла Қабдолов Ұшқын романынын лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны
Мектепке дейінгі балалардың өзін өзі бағалау ерекшеліктерімен танысу
Жетімдер бейнесі
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Сайын Мұратбековтың Жусан иісі шығармашылығын оқыту
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРҒАУҒА ЖАТАТЫН ҚҰСТАР туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРҒАУҒА ЖАТАТЫН ҚҰСТАР
ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
Құжаттарды баспаға шығару
АҚ-ның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
“Мүсін” жаттығуы
Сілтеу жаттығулары.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау