Дастарханға берілетін бата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

«Қанат туралы хикая» — Фариза Оңғарсынова.

Сабақ түрі

Топтық жұмысқа негізделген жарыс сабақ.

Әдіс-тәсіл

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Көрнекіліктер

  • Топтау
  • Венн диаграммасы
  • Ребус
  • Мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, ән, қазақ тілі.

Мақсаттар мен күтілетін нәтиже

Білімділік

Тақырыпты ашу, өлеңнің мазмұнын түсіндіру және негізгі ойды анықтауға бағыттау.

Дамытушылық

Бала өміріндегі ата-ананың маңызы туралы түсінікті тереңдету; аяушылық, мейірімділік, ата-анаға деген жылы сезімдерді қалыптастыру.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, ата-ананы құрметтеуге, өздігінен талпынып, жауапкершілікті сезінетін тұлға тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақ барысы

1) Психологиялық дайындық

Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтып, жағымды оқу атмосферасын қалыптастырады.

2) Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасын тексеру арқылы өткенді еске түсіру.

Сұрақтар

  1. 1.Бата дегенді қалай түсінесің? Қандай түрлері бар?
  2. 2.Дастарханға берілетін бата.
  3. 3.Тұсау кесерде берілетін бата.
  4. 4.Ас қайырғанда берілетін бата.

Мақал-мәтелдер

  • Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді.
  • Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
  • Бақыттың басы балада, баланың нәрі анада.

3) Мағынаны тану

Суретпен жұмыс

«Суреттен нені көріп тұрсыңдар?» сұрағы арқылы әңгіме өрбітіледі. Негізгі тақырып — құстар.

Венн диаграммасы (топтық жұмыс)

І топ

Жабайы құстар

Қарлығаш, қарға, торғай.

ІІ топ

Ортақ қасиеттері

Құстар табиғатқа пайдалы, адамға дос.

ІІІ топ

Үй құстары

Тауық, қаз, үйрек.

Миға шабуыл

Біз не жайында сөйлестік? Құстар туралы. Ендеше бүгін Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» өлеңімен танысамыз.

4) Оқулықпен жұмыс

Автор туралы

  • Фариза Оңғарсынова — дарынды ақын.
  • 1939 жылы дүниеге келген.
  • Атырау облысында туған.
  • Поэзия кітаптарының авторы, лирикалық өлеңдерімен танымал.

Мәнерлеп оқу

Өлеңді тыңдап, интонация, екпін және сезім арқылы мағынасын ашу.

Талдау сұрақтары

  1. 1.Өлең не туралы жазылған?
  2. 2.Бала балапанға қарап нені ойлады?
  3. 3.Ақын өлең арқылы қандай ой айтқысы келеді?

5) Топтау жұмысы: Ана, Бала, Әке

І топ — Ана

  • Ананың алдында асқар тау да аласа.
  • Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады.
  • Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
  • Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.

ІІ топ — Бала

  • Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.
  • Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан.
  • Ұлың өссе — мұратың, қызың өссе — жұратың.
  • Бала — бауыр етің.

ІІІ топ — Әке

  • Әкеге бала — қорған.
  • Әкең өлсе де, әкенің көзі көрген өлмесін.
  • Әке көрген — оқ жонар, шеше көрген — тон пішер.
  • Әкенің құрдасының баласы — құрдас.

6) Ребус

Шешуі: «Құстың қос қанатындай!»

7) Ой толғаныс

«5 жол өлең» әдісімен қорытынды ой жазу.

8) Үй тапсырмасы және бағалау

Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттап келу.

Бағалау

Топтық жұмысқа қатысуы, жауаптардың дәлдігі, мәнерлеп оқу және қорытынды пікір бойынша бағаланады.