Көктем суреті

Сабақ туралы мәлімет

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Байхазан Алмагүл. Тақырып: «Көктем».

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Өткізілетін орны

Мультимедиа кабинет.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, ана тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

  • Сұрақ-жауап.
  • Ой тастау, ой қозғау стратегиялары.
  • Топқа бөлу, талдау және салыстыру.

Көрнекіліктер

Суреттер, мақал-мәтелдер, слайдтар және ой шақыру стратегиялары.

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік мақсат

Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру; сабақты табиғатпен байланыстыру; тіл байлығын кеңейтіп, сөздік қорын молайту.

2) Дамытушылық мақсат

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; көктемде өлі және тірі табиғатта болатын өзгерістерді бұрыннан білетін мәліметтерімен толықтырып, дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Табиғатты аялауға, туған жерді сүюге, мектеп пен сынып ауласын көгалдандыруға үндеу; экологиялық жауапкершілік туралы ой тастау.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.

2) Үй тапсырмасын тексеру

М. Шахановтың «Достық өлкесінің заңы» өлеңі бойынша сұрақ-жауап жүргізу және мәтінді бөлімге бөліп оқыту.

Слайдтағы сұрақтар (№1–№4)

  • Ақын балалық шағын қалай еске түсіреді?
  • Ол кезде қандай оқиға болған?
  • Балалар әжесімен неге қорықты?
  • Әжесі неге тез ашуланды?
  • Нағашысы әжесін қалай қорғады?
  • «Нағашы» деген кім?
  • Анаңның әкесіне сен кім боласың?
  • Аналар мерекесі қай күні аталып өтеді?
  • Наурыз айы қай мезгілге жатады?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе: көктем белгілері

Ой түйіндеу

  • Күн мен түн теңеледі.
  • Қар ериді.
  • Күн жылынады.
  • Мал төлдейді.
  • Ағаштар бүршік жарады.
  • Құстар қайта оралады.

Сұрақ

Балалар, көктемнің ең алғашқы гүлдерінен қандай гүлдерді білесіңдер? Бәйшешек, жауқазын.

Өлең жолдары (№2 слайд)

Қараторғай келіпті, үйшік жасап берейік.

Алғашқы гүл көрікті, бәйшешекті терейік.

Алғаш рет күркіреп, ағыл-тегіл жауса күн,

Қырға шығар дүркіреп — көктем басы жауқазын.

Жұмбақ

Қар еріп даланың,

Аулалардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді шуақты.

Бұл қай кезде болады?

(№3 слайд: Көктем көрінісі)

4) Жаңа сабақ: Қ. Мұқышевтың «Көктем» өлеңі

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Мазмұнын талдап, түсіндіру (№4 слайд).
  • Өлеңнің соңғы шумағын оқып, мазмұны бойынша сурет салу.

Шығармашылық тапсырмаға негіз болған шумақ

Жасыл, сары, ал қызыл —

Неше түрлі гүл теріп,

Қуанса кейбір,

Жас шыбықты жүрді егіп.

Оқушылар салған суреттерін таныстырып, ойын қысқаша жеткізеді.

5) Салыстыру жұмысы

Венн диаграммасы арқылы көктем мезгілін басқа мезгілдермен салыстыру.

6) Талдау: көктемнің басталуы және табиғат өзгерістері

(№5 слайд бойынша оқып, талдау)

  1. 1 Көктем нұрын төгіп, көл мұзы ери бастайды.
  2. 2 Күн күркіреп, жаңбыр жауып, жерден көк қылтияды.
  3. 3 Алғашқы гүл — бәйшешек шығады; сай-саламен су ағады; көбелек ұшады; қаз бен үйрек көлді думанға бөлейді.
  4. 4 Құстар қайта оралады, мал төлдейді.
  5. 5 Өсімдіктер жанданады; көктемнің екінші айында көкек құсы келеді.

№6 слайд

Алғашқы құс: қараторғай (сурет).

№6 слайд (жалғасы)

Көкек құсының суреті.

Қорытынды

(№7 слайд) Сабақты мына өлең шумағымен түйіндеуге болады:

Ауа қандай, дала қандай әдемі,

Көктем, көктем, болармысың кәделі.

Сенің мынау ұлан-ғайып сыйыңнан,

Туған жердің жасаруда бедері.

Бағалау

Оқушыларды бағалау және мадақтау.

Үй тапсырмасы

  1. 1 Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. 2 «Көктем» тақырыбына сурет салып келу.
  3. 3 Өлеңнің мазмұнын әңгімелеу.