Шоқанның білім алған ортасы, араласып өскен ортасы туралы әңгімеле
Сабақтың тақырыбы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық-шығармашылық қызметін таныта отырып, оның қазақ әдебиетінде жанрлық үлгілердің қалыптасуына ықпал еткен тұлға екенін түсіндіру.
Сабақтың түрі мен типі
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді меңгерту
- Сабақтың типі
- Білік пен дағдыны қалыптастыру
Көрнекілік пен әдістер
Көрнекілігі
- Ыбырай Алтынсариннің суреті
- Кітаптары
- Слайд
Әдістері
СТО (сын тұрғысынан ойлау) стратегиялары
Сабақтың міндеттері
1-міндет
Ыбырай әңгімелерін қысқаша мазмұндату арқылы олардың ықшам тілмен терең мағына беретінін және шынайы өмірден алынғанын аңғарту.
2-міндет
Оқушылардың еркін ойлауын, эстетикалық сезімін оятып, әңгімелердегі көркем сөз өрнектерін ұғындыру; қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
3-міндет
Кейіпкерлердің жақсы мінез-құлқы мен орынды іс-әрекеттерін талдату арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке және қамқорлыққа баулу.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру
Сыныптың дайындығын тексеру, оқу мақсатын нақтылау.
-
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Шоқанның білім алған ортасы және араласып өскен ортасы туралы әңгімеле.
- Аз ғұмырында көп іс тындырған Шоқан өмірінен қандай ғибрат аласың?
- Шоқанның зерттеулері туралы не білесің?
-
III. Жаңа сабақ
«Ыбырай Алтынсарин қазақ арасына әуелі Еуропаның білім-ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан болды.»
М. Әуезов
БҮҮ стратегиясы
Оқушылар Ыбырай туралы не білетінін және нені білгісі келетінін жазады, сабақ соңында үйренгенін қорытындылайды.
Хронологиялық шолу
Хронологиялық кесте арқылы Ыбырайдың өмір жолына шолу жасалады.
Ыбырайдың өмір жолы (хронология)
| Жыл | Оқиға |
|---|---|
| 1841 | Қостанай облысы, Затобас ауданында дүниеге келді. |
| 1850 | Орынборда ашылған орыс-қазақ мектебінде оқыды. |
| 1857 | Мектепті үздік бітірді. |
| 1859 | Орынбор шекара қызметіне тілмаш болып барды. |
| 1860 | Шығыстанушы ғалым В. В. Григорьевпен танысты. |
| 1864 | Торғайда қазақ балаларына мектеп ашты (14 бала қабылданды). |
| 1876 | Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы қалаларында қазақ мектептерін ашу ісі жанданды. |
| 1879 | Қазақ балаларына арналған «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазуға кірісті (Орынборда басылды). |
| 1881 | Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты. |
| 1883 | Торғайда қолөнер мектебі ашылды (техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны). |
| 1887 | Ырғызда қыздар мектебін ашты. |
| 1889 | 48 жасында дүниеден өтті. |
Ғылыми-ағартушылық байланыстары
Ыбырай Алтынсарин сол кезеңдегі Орынбор мен Қазан қалаларындағы шығыстану ғылымымен айналысқан В. В. Григорьев, Н. И. Ильминский, В. В. Катаринский, Я. П. Яковлев, А. А. Мазохин сияқты ғалымдармен тығыз қарым-қатынаста болып, оқу-ағарту мәселелері бойынша көп көмек алды.
Ыбырай — аудармашы
Ыбырай Алтынсарин — қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашылардың бірі. Ол аудармаға ерекше ұқыптылықпен қарап, тәрбиелік мәні терең шығармаларды таңдады.
Л. Толстойдан
- «Жақсылыққа жамандық»
- «Жаман жолдас»
- «Үш ұры»
И. Крыловтан
- «Қайырымды түлкі»
Паульсоннан
- «Әдеп»
- «Тәкаппарлық»
- «Алтын шеттеуік»
- «Бір уыс мақта»
К. Ушинскийден
- «Түлкі мен ешкі»
- «Сауысқан мен ешкі»
- «Сауысқан мен қарға»
Мәтінмен жұмыс және талдау
II. Әңгімелерді оқу, талдау, топтастыру
Оқулықтағы Ыбырай әңгімелері оқылып, идеясы, тәрбиелік бағыты, тілдік ерекшелігі бойынша талданады. Негізгі ойлары бойынша топтастыру жұмысы жүргізіледі.
III. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
Оқушылар «Бақша ағаштары», «Әке мен бала» әңгімелерінен ең маңызды сөйлемді таңдап, не үшін таңдағанын және өз көзқарасын дәлелдеп жазады.
- Абзацтан үзінді
- Таңдалған сөйлем
- Неге таңдадыңыз?
- Дәлел
- Ой толғаныс
- Қорытынды пікір
IV. Блум таксономиясы бойынша сұрақ қою
Топтар бір-біріне деңгейлік сұрақтар қояды және жауаптарын дәлелмен негіздейді.
- «Таза бұлақ» әңгімесіндегі үш жолаушы пікірінің қайсысы дұрыс деп ойлайсың? Неліктен?
- Ыбырай әңгімелеріндегі мақал-мәтелдерді тауып, мағынасын түсіндір.
- Егер сен жазушы болсаң, қандай тақырыпта әңгімелер жазар едің?
V. «Ортада қаламсап» стратегиясы
Ыбырай әңгімелерін оқи отырып, бойға сіңірген құндылықтарды ортақтастырып, тақтада топтастыру:
VI. Сауалнама жұмысы
Қысқа сауалнама арқылы оқушылардың түсіну деңгейі мен әсері анықталады.
VII–VIII. Қорытынды, үй тапсырмасы, бағалау
- Қорытынды: негізгі ойларды жинақтау, рефлексия жасау.
- Үйге тапсырма: «Даланың дара ұстазы» тақырыбына дайындалу.
- Бағалау: жауап сапасы, талдау тереңдігі, топтық жұмысқа қатысуы бойынша.