Болашақ алқасы

Тәлімгерлік тренингтің жалпы мәліметі

Ұйымдастырушы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің тәлімгері — Пшанова Айгүл Әбубәкірқызы.

Тақырып

«Сенің жетістіктерің, жас ұрпақ!»

Ұран

«Уақыт босқа кетпесін, бірде-бір күн мейірімсіз өтпесін».

Мақсаты

  • Мектептен тыс тәрбие беру жұмысын жетілдіру арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Мектептен тыс ұйымдардың шығармашылығын ұштастыру.
  • Мектеп тәлімгерлерінің бірлескен жұмысын күшейтіп, ынтымақтастық пен бірлікті нығайту.

Міндеттері

  • Оқушыларды тәрбиелеу үдерісінде тәлімгерлердің жаңашыл тәсілдермен жұмыс істеуін қолдау.
  • Қоғам тарапынан көрсетілген қолдауды және болашаққа деген сенімділікті нығайту.

Көрнекіліктер

Түрлі-түсті қағаздар, доп, бояу қарындаштар.

Сабақ түрі

Тренинг.

Әдістері

Сұрақ-жауап, топтастыру, эссе.

Кіріспе бөлім

Құрметті әріптестер! Сіздерді 31 тамыз — Ата Заң күнімен және 1 қыркүйек — Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түскен кезеңде жас ұрпақ өсіп келеді. Ертеңгі күннің тірегі болатын оқушыларға заман талабына сай білім мен тәрбие беруде тәлімгердің орны айрықша. Біздің ортақ міндетіміз — жас ұрпақтың білімді, жігерлі, ақылды, төзімді болып қалыптасуына үлес қосу.

Осы мақсатта бәріміз ортаға шығып, шеңбер құрып тұрайық.

Тренинг барысы

1) Танысу

Допты бір-бірімізге лақтыру арқылы әр қатысушы өзін толық таныстырады.

2) «Шаттық шеңбері»

Жұмысымызды бір-бірімізге жылы тілектер айтудан бастаймыз. Бірінші қатысушы кез келген тәлімгердің қасына келіп, қолын алып, жақсы ниетін білдіреді. Осылайша шеңбер жалғасады.

3) Түстер арқылы топқа бөліну

Әр қатысушы өзіне ұнаған түсті таңдап, соған сәйкес топқа орналасады. Түстер таңдауы қатысушының мінез ерекшеліктері мен жақсы қасиеттерін сипаттауға көмектеседі.

Қызыл — «Қаламгер алқасы»

Шапшаң, ақжарқын, тәуекелшіл, өжет, қарсыласуға дайын адамдар.

Жасыл — «Қабілет алқасы»

Жұмсақ мінезді, ақкөңіл, қайырымды жандар; балаларға ерекше мейірімді.

Көк — «Қабілет алқасы»

Салқынқанды, өзіне сенімді, өзгенің ренжіткенін қаламайтын адамдар.

Сары — «Болашақ алқасы»

Қиялы бай, ұшқыр ойы парасатымен ұштасып жататын жандар.

Ақ — «Дарын алқасы»

Ерекше дара, ешкімге ұқсамайтын, шығармашыл тұлғалар.

Қазылар алқасы сайланады.

«Ал, келіңдер, келіңдер, біріңе-бірің еріңдер. Біліміңді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер!»

Тапсырмалар

I тапсырма: Қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?

Талқылау: жас ұрпақ бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? Ойлар топ ішінде жинақталып, ортақ қорытынды шығарылады.

II тапсырма: «Тілге шабуыл» (жедел сұрақтар)

Қатысушылар қысқа әрі нақты жауап береді.

  • Сіз қандайсыз?
  • Қайда отырсыз?
  • Қазір қайда барасыз?
  • Кімді жақсы көресіз?
  • Жақын досыңыз кім?
  • Сүйікті асыңыз қандай?
  • Балаға не айтасыз?
  • Кіммен билейсіз?
  • Кіммен қыдырасыз?

III тапсырма: «Сенің жетістіктерің, жас ұрпақ!»

Қатысушылар жыл бойы атқарылған жұмыстарды сурет салу арқылы бейнелеп, қысқаша таныстырады.

IV тапсырма: Жоба байқауы

Үміт алқасы

«Шыншыл көңіл» әлеуметтік көмегі: ардагерлерге, жалғызбасты кісілерге, мүгедек балаларға қолдау көрсету (концерт ұйымдастыру, серуендету, сыйлық беру және т.б.).

Қаламгер алқасы

«Жас ұрпаққа кімдер қабылданады?» тақырыбында эссе.

Қабілет алқасы

«Өмірдегі ең маңызды нәрсе не?» тақырыбында ой бөлісу және салауатты өмір салтын насихаттау.

Болашақ алқасы

«Еліміздің қос қаласы: Қызылорда–Астана» телекөпірі идеясы. Жас ұрпақ қандай сыйлық тарту етеді?

Дарын алқасы

«Өскелең жас ұрпақ» тақырыбында эссе жазу.

V тапсырма: «Ерекше қасиеттер»

Допты бір-бірімізге лақтырып, допты берген адамның бойындағы ерекше қасиеттері мен мықты жақтарын атап өтеміз.

Тренингті талдау

Ортақ сауалдар

  • Не ұнады?
  • Қандай қиындықтар болды?

Қорытындылау кезеңі

Әр топ өзіне берілген сөз арқылы ойын түсіндіреді және ортақ тұжырым жасайды.

қалам тәрбие азамат қазық шаңырақ бала

Қазылар алқасына сөз беріледі.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!