Оқушыларға квадрат теңдеу, толымсыз квадрат теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің математика пәні мұғалімі — Самартаева Қарлығаш Жанболатқызы.
Тақырып
Квадрат теңдеу. Толымсыз квадрат теңдеулер.
Түрі
Қайталау сабағы.
Әдіс-тәсілдер
СТО, есеп шығару, ойын элементтері, блиц-сұрақтар.
Пәнаралық байланыс
Тарих, қазақ тілі.
Көрнекілік
Слайдтар, үлестірмелі қағаздар, формулалар.
Идея және уәж
Адамдар бір істің шешімін таба алмай, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, оны «жұмбақ» деп атайды. Ал математиканың жұмбағы — теңдеу.
«Математика — дүниенің формуласы.»
Г. Галилей
Сабақтың мақсаты
- 1 Білімділік: квадрат теңдеу және толымсыз квадрат теңдеулер бойынша есептер шығару.
- 2 Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
- 3 Дамытушылық: ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі: «Теңдеу және түбір» ойыны
Жүргізуші сөздер арқылы оқушылардың қозғалысын реттейді:
- «Түбір» дегенде — әр оқушы жеке жүреді.
- «Квадрат теңдеу» дегенде — 3 оқушыдан топтасады.
- «Толымсыз квадрат теңдеу» дегенде — 2 оқушы жұптасады.
Ескерту: топқа қосыла алмай қалған оқушы айып төлейді (ойын шарты бойынша).
Үй тапсырмасын тексеру: блиц-сұрақтар
- Қысқаша көбейту формулаларын ата.
-
Квадрат түбір дегеніміз не?
Теріс емес a санының квадрат түбірі деп квадраты a-ға тең b санын айтады.
- Квадрат теңдеудің жалпы түрі қандай?
- Квадрат теңдеуге мысал келтір.
Есептер шығару: тарихи деректер арқылы квадрат теңдеу құру
Тарихи даталарды пайдаланып, квадрат теңдеулер құрастырылады.
1) ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланған күн — 16 желтоқсан 1991 жыл
16x² + 12x + 1991 = 0
2) Ұлттық теңгенің енгізілген уақыты — 15 қараша 1993 жыл
15x² + 11x + 1993 = 0
3) ҚР Президентінің сайланған күні — 1 желтоқсан 1991 жыл
x² + 12x + 1991 = 0
4) ҚР рәміздері қабылданған күн — 4 шілде 1992 жыл
4x² + 6x + 1992 = 0
5) ҚР Конституциясы қабылданған күн — 30 тамыз 1995 жыл
30x² + 8x + 1995 = 0
Логикалық тапсырмалар
1) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болса, екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
Жауабы: 3 кг
2) Үстел беті төртбұрышты. Бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
Жауабы: 5 бұрыш
3) Төрт қойдың неше аяғы бар?
Жауабы: 16 аяқ
4) Ағаш үстінде 200 торғай отыр. Аңшы 20 торғайды атып алады. Неше торғай қалады?
Жауабы: 20 торғай
5) 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі?
Жауабы: 3 минут
6) 6 аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не?
Жауабы: адам орындықта отыр
Қосымша тапсырма: бір шырпыны (немесе «шиді») жылжытып, теңдікті дұрыс қылып құрастыр.
Мақал-мәтелдерден толымсыз квадрат теңдеу құрастыру
Берілген мақалдағы сан есімдерді тауып, соған сәйкес толымсыз квадрат теңдеулер құрастырылады.
1) «1 тал кессең, 10 тал ек.»
x² + 10x = 0
2) «5 саусақ бірдей емес.»
5x² + x = 0
3) «1 кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.»
x² + 1000x = 0
4) «7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл.»
7x² + 7x = 0
Сөзжұмбақ
Жауаптары
- 1 Нақты
- 2 Квадрат
- 3 Парабола
- 4 Келтірілген
- 5 Гипербола
Рефлексия
«5 саусақ» әдісі: бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді бес тармақ бойынша жазамыз.
Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Бағалау тиын арқылы жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
№361 есеп. Формулаларды жаттау.
Ескерту
Қажет болса, материалдың толық нұсқасын жүктеуге болады.