Аңыз айту
Құндылық
Қиянат жасамау
Қасиеттер
Сабақ мақсаты
Оқушыларға қиянат жасамау — нағыз адамға тән іс екенін түсіндіру, табиғатқа, адамдарға және өз-өзіне ізгілікпен қарауды қалыптастыру.
Міндеттері
- «Қиянат жасамау» ұғымының мәнін ашу.
- Туа біткен сүйіспеншілікті оятып, қиянат жасамау дағдысын дамыту.
- Қиянат жасамау арқылы сүйіспеншілікке бөленіп, үйлесімді өмір сүруге жетелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
2 минут
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың көңіл күйін сұрау.
- Сабаққа қатысуды тексеру.
2) Тыныштық сәті
3 минут
Баяу әуен тыңдай отырып, «Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын орындау.
3) Үй тапсырмасын тексеру
5 минут
«Бала және інжугүл қоңыраулары» (105-бет) ертегісінің мазмұнын сұрақтар арқылы қайталау.
- Інжугүл дүниеге қалай келді?
- Бала інжугүлге неліктен қызықты?
- Інжугүл балаға қандай өтініш айтты?
- Бала інжугүлді неліктен жұлмады?
- Өмірлеріңде осындай жағдай болса, сендер не істер едіңдер?
4) Дәйексөз
2 минут
«Қайырымды іс жаса — қайырлы болар әр ісің».
Бұл нақыл бізге мынаны еске салады: айналамызға қайырымдылық жасасақ, әр ісіміз өзімізге жақсылық пен қуаныш болып оралады. Гүлдерге, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тіпті киімімізге, отырған орындығымызға және мектебімізге ұқыпты қарасақ — олардың да «алғысын» сезінеміз. Ұстаздарымызды және ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындау — оларға қиянат жасамай, ізетпен қараудың белгісі.
Дәптерге дәйексөзді жазып, 2–3 рет бірге қайталап оқимыз.
5) Әңгімелеу (сұхбат)
3 минут
Қиянат жасамау — ойымызға да, сөзімізге де, денсаулығымызға да, қарым-қатынасымызға да зиян келтірмеу:
- Жақсы ой ойлау — әлемге қиянат жасамау (өйткені ой әрекетке ұласады).
- Жақсы сөз айту — тілге қиянат жасамау.
- Жақсы әңгімені тыңдай білу — құлаққа қиянат жасамау.
- Жақсылықты көре білу — көзге қиянат жасамау.
- Дұрыс тамақтану — денсаулыққа қиянат жасамау.
- Дұрыс іс-әрекет жасау — өзіңе қиянат жасамау.
- Құрбыларды ренжітпеу — достыққа қиянат жасамау.
Аңыздан ой
«Не айтатыныңды алдын ала ойлап ал» — ойға қиянат жасамау, себебі әр ой іс-әрекетке бастайды.
Іс-әрекет туралы
«Қиянат келтірмеген — жаза алмайды» — іс-әрекетте қиянат жасамау, өйткені әр әрекет мінезді қалыптастырады.
Талқылау сұрақтары
- Қиянат жасамауды сендер қалай түсінесіңдер?
- Қиянат жасамау үшін не істеу керек?
6) Шығармашылық және топтық жұмыс
12 минут
Топтарға жағдаяттар беріледі. Әр топ өз шешімін бірлесе талқылап, ортаға салады.
1-жағдаят
Сен бірнеше досыңмен сабақтан қайтып келе жатырсың. Құрбыларың «киноға барайық» дейді. Бірақ сабақтан кейін анаң тапсырған жұмыстарды орындауың керек. Достарың қызықты кино жүріп жатқанын айтып, сені үгіттеп тұр. Сен не істейсің?
2-жағдаят
Сабақтан қайтып келе жатып, бірнеше баланың алма алу үшін ағаштың бұтақтарын сындырып жатқанын көрдің. Сен не істейсің?
Дәптермен жұмыс
Дәптердің ортасына күннің суретін салып, күннен тараған сәулелерге жақсы қасиеттерді жазамыз. Кейін оқушылар жазған қасиеттерді ортаға салып, бөлісеміз.
Қорытынды
Жақсы ойлар ойлаймыз.
Жақсылықты көреміз.
Жақсы әңгімені тыңдаймыз.
Жақсы істер жасаймыз.
Біз бақытты баламыз.
Дәптерге жазып, бірнеше рет қайталап оқимыз.
7) Топпен ән айту
3 минут
«Ақ көгершін»
- Сөзі
- А. Жұбанов
- Әні
- Н. Баймұхамедов
8) Үй тапсырмасы
2 минут
Жазба жұмысы
«Қиянат жасамау — нағыз адамның ісі» тақырыбында өз ойыңнан немесе өміріңде болған оқиғаға сүйеніп, шағын әңгіме жазу.
Оқу тапсырмасы
Келесі сабаққа «Суретші туралы» ертегі-әңгімесін оқып келу.
9) Соңғы тыныштық сәті
3 минут
Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді жұмып көрейік. (Әуен қосылады.) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды еске түсіріңдер. (Сәл кідіріс.) Сол жақсы ойларды өздеріңмен бірге алып қалу үшін жүректеріңе сақтап қойғандарыңды елестетіңдер. (Сәл кідіріс.) Енді жайлап көздеріңді ашыңдар.
Бүгін сендер өте көп жақсы іс жасадыңдар, сабақты мұқият оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар. Рақмет!