Азотты ашқан ғалым

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Пән / сынып

Химия, 9-сынып

Тақырып

Фосфор және оның қосылыстары (презентациямен)

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Ресурстар

  • Күнтізбелік жоспар
  • Оқулық
  • Интернет ресурстары

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Ұйымдастыру — 2 минут.
  2. 2 Үй тапсырмасын сұрау — «Он сұрақ» әдісі арқылы тексеру және бекіту.
  3. 3 Жаңа тақырып — фосфор және қосылыстары; салыстыру және қорытынды жасау.

Сабақтың мақсаты

Білімдік мақсат

Фосфор элементі туралы толық мәлімет беру, оның қасиеттерін тәжірибелер арқылы сипаттату және оқушыларды өз жұмысының қорытындысын сауатты баяндауға үйрету.

Тәрбиелік мақсат

Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу және пәнге қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық мақсат

Химиялық реакция теңдеулерін сипаттап жазу дағдысын дамыту, тіл шеберлігін жетілдіру, дүниетанымдық көзқарасын кеңейту және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Фосфор және оның қосылыстарының қасиеттері туралы білім қалыптасады.
  • Реакция теңдеулерін дұрыс құрастыру және түсіндіру дағдысы нығаяды.
  • Шығармашылықпен жұмыс істеуге және өз ойын жүйелі жеткізуге машықтанады.

Мұғалімнің іс-әрекеті: ұйымдастыру және топқа бөлу

Топқа бөлу тәсілі

Оқушылар шеңберге тұрып, сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

«Он сұрақ» әдісі арқылы бұрынғы тақырып бойынша білімді еске түсіру, нақтылау және бекіту.

«Он сұрақ» арқылы білімді бекіту (Азот тақырыбы)

1. Ауаның неше пайызын азот құрайды?

Жауап: 78%

2. Азот қышқылының тұздары қалай аталады?

Жауап: нитраттар

3. Аммиактың судағы ерітіндісі қалай аталады?

Жауап: мүсәтір спирті

4. NO — азоттың (II) оксиді қандай жағдайда түзіледі?

Жауап: атмосферада найзағай ойнағанда

5. Аммиак ерітіндісі халық арасында қалай аталады?

Жауап: мүсәтір спирті

6. «Азот» деген атауды ұсынған ғалым кім?

Жауап: А. Лавуазье

7. Азот бөлме температурасында қай элементпен әрекеттеседі?

Жауап: тек литиймен

8. Азотты ашқан ғалым кім?

Жауап: Резерфорд

9. Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады?

Жауап: аммиак

10. Азот қай жылы ашылды?

Жауап: 1772 жыл

«Сандар сөйлейді»: азот туралы деректер

Құрамы және орны

Ауа құрамындағы азот
78%
Ar(N)
14
Mr(N2)
28
Топ
5-топ
Реттік нөмір
7
Период
2-период

Физикалық тұрақтылар

Қату температурасы
−210 °C
Балқу температурасы
−196 °C
1 л азот газының массасы
1,25 г

Тарихи дерек

Ашылған жыл
1772
Азотты алғаш рет ағылшын химигі Резерфорд ашқан.

Жаңа тақырыпқа кіріспе: фосфорға бағыттау сұрақтары

Тақтадағы сандар нені білдіреді?

Мұғалім тақтаға әртүрлі сандарды жазып, олардың мағынасын топтарға талдату арқылы оқушыларды фосфор тақырыбына бағыттайды:

31 3 15 5 56 (2, 8, 5) (−3, +3, +5) 1969 600 1935

Топтық жұмыс және қорытынды

  • Әр топ тапсырманы бірлесе оқып, негізгі түйінін айтады.
  • Фосфор мен азоттың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талқылайды.
  • Салыстыру кестесін толтырып, қорытынды жасайды.

Нәтижесінде оқушылар жаңа тақырыпты бұрынғы біліммен байланыстырып, фосфордың периодтық жүйедегі орны мен негізгі қасиеттерін түсіндіруге дайын болады.