Күміс қақпа
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Адам және қоғам
Қорытынды қайталау (презентация түрінде)
Сабақ форматы
- Түрі: аралас
- Әдісі: «Алтын қақпа» ойыны, үлестірмелі материал, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс және көрнекілік
Байланыс: тарих, география, құқық, саясаттану және т.б.
Көрнекілік: плакаттар, интерактивті тақта, сызбалар, кестелер
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ басында білімнің маңызы мен жаңашылдыққа ұмтылуды айқындайтын ой-толғаулар ұсынылады.
«Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет».
«Барлық істің басшысы — білім мен ұғым».
«Сабақ беру дегеніміз — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан жаңаны табатын өнер».
Мақсат, міндет, күтілетін нәтиже
Мақсаты
Оқушылардың сауаттылығын және шығармашылық белсенділігін арттыру, танымдық көзқарасын қалыптастыру.
Міндеті
Өзін-өзі дамытуға ұмтылатын, ойын жүйелей алатын, идеясын ұсына білетін оқушы тәрбиелеу.
Нәтижесі
- Жаңа заман талабына сай қабілетті тұлға қалыптасады.
- Білім, білік және дағды нығаяды.
Қорытынды сабақтың құрылымы: «Алтын қақпа» ойыны
Бұл сабақта тарау бойынша қорытынды қайталау ойын форматы арқылы өтеді. Әр «қақпа» — білімді тексерудің жеке кезеңі.
Сәлемдесу
Қазекем мақтанады ұрпағымен,
Көрінсін ұландарым бақ қырымен.
Танытсын кім екенін мына көпке,
Аты-жөнін ата-баба жолыменен.
1) Тас қақпа
Негізгі ұғымдарды нақтылау, анықтама және тест тапсырмалары
2) Күміс қақпа
Тереңдетілген сұрақтар, ребус пен сөзжұмбақ
3) Алтын қақпа
Қолданбалы тапсырмалар: салық, қаржы, нарық тақырыптары
Жолдама сұрақтар
Философиялық көзқарастың негізгі мәселесі
Философиялық көзқарастың негізгі мәселесі қандай?
Негізгі ұғымдар
- Адам дегеніміз кім?
- Қоғам дегеніміз не?
Тас қақпа
1-тапсырма: сөйлемдерді аяқта
- Адам жануар тәрізді ... пен ... жаралған.
- Мәдениет дегеніміз — айналадағы ... жаратылысқа адамның ... мен ... айқындауға және ... бағытталған адамзаттың ... болып табылады.
- Өркениет (лат. civilis — ...) деп белгілі бір елдер мен ... тарихи ... белгілі бір кезеңіндегі ... рухани және ... өмірінің өзіне тән ... ерекшеліктерін айтамыз.
2-тапсырма: тест
1) «Дәстүр» сөзінің латынша аудармасы:
- А) Cultura — өсіру, өңдеу
- Ә) Traditio — өткізіп беру, айтып беру
- Б) Katharsis — тазарту
2) Саяси жетекшілер деп:
- А) Қоғамды мәнді саяси мақсаттар төңірегінде жұмылдыра алатын, сол жолда өз қабілетін толық жұмсап, аянбай қызмет ететін адамдар.
- Ә) Билік жүргізуге байланысты маңызды шешімдер қабылдауға тікелей қатысатын, билік құрылымында жетекші рөл атқаратын, соған орай артықшылыққа ие әлеуметтік топ.
- Б) Мемлекеттің араласуынсыз және мемлекеттік органдар арнасынан тыс дамитын тұлғааралық қатынастардың, отбасылық-қоғамдық, экономикалық, мәдени, діни және өзге құрылымдардың жиынтығы.
3) «Демократия» сөзін алғаш қолданған ғалым:
- А) Аристотель
- Ә) Геродот
- Б) Фалес
Жолдама сұрақ
Өркениет пен мәдениеттің айырмашылығы неде?
Күміс қақпа
1-тапсырма: түсіндір
- Өркениет дегеніміз не?
- Қоғамдық прогресс дегеніміз не?
- Адам Смиттің пайымдауынша ...
2-тапсырма: логикалық ойындар
- Ребус
- Сөзжұмбақ
Жолдама сұрақ
Зайырлы мемлекет және ар-ождан бостандығы ұғымдарын қалай түсінесің?
Алтын қақпа
1-тапсырма: анықтама бер
- Салық дегеніміз не?
- Салық төлеуші дегеніміз кім?
- Қаржыландыру дегеніміз не?
2-тапсырма: ребусты шеш
Ребусты шешіп, ондағы сөзді оқы.
Нарықтық қатынастарға өту үшін «шок терапиясы» амалын көптеген мемлекеттер қолданады. Мысалы: мына ел — ...
Қорытынды бөлім
Әділқазылар сөз алады
Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды. Енді әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, мақтау қағаздары мен сыйлықтарын тапсырады.
Түйіндеу
Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.
«Адам және қоғам» сырлары бізді әрдайым қызықтырады. Ойынға бірге қатысып, ізденуге шақырамыз.
Әділқазылар алқасы
Құрамы: ...