Балалар мұнда көптеген шыршалар бар екен қане санап көрейікші

Оқу қызметінің бағыты мен мазмұны

Білім беру салалары

  • Таным
  • Әлеумет
  • Коммуникация

Бөлімдер

  • ҚМҚТ
  • Көркем әдебиет
  • Сөйлеуді дамыту

Тақырып

5 цифры бойынша өткенді бекіту, 4 пен 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Кеңістікті бағдарлау ұғымдарын бекіту: алдында, үстінде, астында, артында.

Мақсаты

Оқыту міндеттері

  • Заттарды саны бойынша салыстыруға үйрету: «қанша — сонша», «бірдей».
  • Санау дағдыларын дамыту және 45 сандарын салыстыру.
  • Пішіндерді ажырату және заттарды геометриялық фигуралармен сәйкестендіру.
  • Кеңістікте орналастыруына қарай анықтап, салыстыруға үйрету.

Дамытушылық және тәрбиелік міндеттер

  • Ойлау қабілетін, тілін, танымдық қызығушылығын және логикалық ойлауын дамыту.
  • Әр баланы өз жұмысын орындап қана қоймай, жолдастарына көмектесуге тәрбиелеу.
  • Алдында, үстінде, астында, артында ұғымдарын бекіту.

Көрнекіліктер мен материалдар

Ертегі кейіпкерлері

  • Үйшік
  • Тышқан
  • Бақа
  • Қоян
  • Қасқыр
  • Түлкі

Дидактикалық құралдар

  • Көкөністер (муляж) 1–5 сандық карточкалар Ғажайып қоржын
  • Шеңбер Үшбұрыш Шаршы Сопақша

Билингвальды сөздік

аю
медведь
бақа
лягушка
қоян
заяц
түлкі
лиса
қасқыр
волк

Мотивациялық-қозғаушылық бөлім

«Шаттық шеңбері»

Ағаштардан шық түсті,
Терезеден қарады.
Ояндың ба, балақай,
Қайырлы таң, қайырлы таң, алақай!

Өткенді еске түсіру (5 саны)

  • Үшінші орында қандай ойыншық тұр?
  • Қоян нешінші тұр?
  • Аю нешінші тұр?
  • Қай ойыншық бесінші орында?
  • Маймыл нешінші орында орналасқан?

Ұйымдастырушылық-ізденістік бөлім

Ертегі әлеміне саяхат

Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер? «Үйшік» ертегісін еске түсіріп, кейіпкерлерге орманға қонаққа барайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын: шешуін тапсақ, орманға қандай көлікпен баратынымызды білеміз.

Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Ауызынан жалын шығар қара күйе.
Жүрмейді ұрса-дағы басқалары,
Бәріне жалғыз бура болған ие.

Жауабы: пойыз.

Орманға жол және санау тапсырмасы

Пойызға отырып, орманға жол шығайық. Мұнда көптеген шыршалар бар екен — қане, санап көрейік. Орманға кіру үшін шыршаларды рет-ретімен қойып, тапсырманы орындауымыз керек.

Үлгі

Үстінде — 5 шырша,
Ортасында — 4 шырша,
Астында — 3 шырша.

Берілгені

Үстінде — 4 шырша,
Ортасында — 2 шырша,
Астында — 0 шырша.

Сұрақтар

  • Неше шырша қосу керек?
  • Шырша қандай пішіндерден құралған?

Жарайсыңдар! Енді пойыздан түсіп, орманға жаяу кірейік.

Көпір құрастыру (өлшем және пішін)

Мына көпір бұзылып қалыпты. Ағаштардан көпір құрастырып, өзеннен өтейік. Ағаштардың көлемін салыстырып көрейік: қайсысы үлкен, қайсысы кіші? Сондай-ақ, ағаштың пішіні қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Тапсырманы орындадыңдар — жарайсыңдар!

«Үйшікке» жақындау

Қараңдаршы, мұнда үлкен үйшік тұр екен. Бұл үйшікке бірінші болып кім келеді — бірге бақылайық.