Хош келдіңдер балалар
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп-гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Есенаманов Руслан Үсенбекұлы
Сабақ тақырыбы
Болымды және болымсыз етістіктер
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: болымды және болымсыз етістіктер туралы білім қалыптастыру.
- Дамытушылық: теориялық білімді тәжірибеде қолдануды дамыту, ойды жинақтап айтуға дағдыландыру.
- Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, алғырлыққа баулу.
Сабақ форматы
- Түрі:
- Жаңа сабақ
- Әдіс-тәсіл:
- Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, тақтамен жұмыс, пікір айту
- Пәнаралық:
- Әдебиет
Көрнекілік
- Тірек-сызбалар
- Үлестірме қағаздар
- Слайд
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, даярлығын тексеру.
Хош келдіңдер, балалар!
Оқуға құмар даралар!
Сабағымызды бастайық,
Маған назар салыңдар!
Ой қозғау
«…Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары — сіздердің еншілеріңіз.»
— Н. Назарбаев
Қытай нақылында: «Маған айтшы — мен ұмытып қаламын; маған көрсетші — есімде қалады; өзіме істетші — сонда түсінемін» делінеді.
I топ: «Үш биік»
Ұраны:
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
II топ: «Үш қуат»
Ұраны:
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Психологиялық дайындық
Шынайы сыпайылық — адамдарға тілектестікпен қараудан басталады.
«Ойды бөлісу» стратегиясы
Бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы жылы лебіз тілейік.
- Елімізге тыныштық тілеймін.
- Деніміз сау болсын!
- Нанымыз көп болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Еліміздің тірегі — әкелеріміз аман болсын!
- Жарқын болсын күніміз.
- Елін сүйіп ер жетер.
- Күніміз жарық болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Аналарымыз аман болсын!
- Балалар бақытты болсын!
- Жарқын шықсын үніміз.
- Біз — болашақ гүліміз.
Осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды жалғастырайық.
III. Бекітуге көп, білмеуге одан да көп
Өткен тақырыптар бойынша білімімізді байқап көрейік. «Ақылды адам — батпан-ақ, ақылсыз адам — сасқалақ» демекші, сұрақтарға нақты жауап береміз.
Сөз таптары
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
- Етістік дегеніміз не?
- Негізгі етістік дегеніміз не?
- Туынды етістік дегеніміз не?
- Дара етістік дегеніміз не?
- Күрделі етістік дегеніміз не?
Дәйексөз
«Біліп қою — аз, білгеніңді іске қолдана білу керек; ниеттену — аз, ниетті іске асыру керек.»
— И. Гете
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
а) Ой тастау
Абай Бөжейдің пішінін жаңадан жақсылап көрді.
Жан-жануарлардың азығы қардың астында қалды.
Бұл сөйлемдерде іс-әрекет жүзеге асты ма?
Егер іс-әрекет жүзеге аспаса, сөйлемді қалай құрар едіңдер?
Тыйым сөздермен жұмыс
Қазақтың ырым-тыйым сөздері адамды жамандықтан тежеп, әдептілікке тәрбиелейді. Бірнеше мысал:
- Бос бесікті тербетпе.
- Малды теппе.
- Үй ішінде ысқырма.
- Көпке топырақ шашпа.
- Аққу киелі құс саналады, сондықтан аққуды атуға болмайды.
- Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
- Автобуста қарттарға және өзіңнен үлкендерге орын бер.
- Нанды бір қолмен үзіп жеме.
- Кітапты таза ұста.
- Құстарға жемсауыт жаса.
- Сүт тағамдарын жерге төкпе.
ә) Тұжырым
Етістік іс-әрекеттің жүзеге асуына немесе жүзеге аспауына қарай екіге бөлінеді: болымды және болымсыз етістік.
Болымды етістік
Қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
Мысалдар: келді, жүрді, сөйледі.
Болымсыз етістік
Қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді.
1) Жұрнақтар арқылы
Негізгі немесе туынды түбір етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғанады.
Мысалдар: айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба.
2) Есімше тұлға + «жоқ», «емес»
Мысалдар: өшірген жоқ, өшірген емес.
V. Сабақты пысықтау
1) «Мен — саған, сен — маған»
Сан есімдерге қатысты мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашып, сан есімдерді табу.
I топ: «Үш биік»
- Батыр … рет өледі, қорқақ … рет өледі.
- Ел құлағы …
- Алыстан … жасар бала келсе, … шал алдынан шығар.
- … рет өлшеп, … рет кес.
- … кеменің басын ұстаған суға кетеді.
1) «Мен — саған, сен — маған»
Жалғасы: мақал-мәтелдердегі сан есімдерді анықтау.
II топ: «Үш қуат»
- Ер жігіттің … сөйлегені — өлгені.
- Айдағаның … ешкі, ысқырығың жер жарар.
- … атасын білмеген — жетесіз.
- … құмалақ … қарын майды шірітеді.
- Жұт — … ағайынды.
2) «Ойлан, тап»
Төмендегі омоним сөздерді қатыстырып, бірде зат есім, бірде етістік ретінде сөйлем құрастырыңдар.
Зат есім ретінде
- Баспа
- Кеспе
- Бөлме
- Көрме
Етістік ретінде
- Баспа
- Кеспе
- Бөлме
- Көрме
3) «Мені топта»
«Топтастыру» стратегиясы бойынша оқулықтағы 230-жаттығумен жұмыс: болымды және болымсыз етістіктерді екі топқа бөліп жазыңдар.
VI. Сергіту сәті
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді.
Топылдатып аяқты,
Шапалақтап қолымды.
Басымды мен шұлғимын,
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымды мен табамын.
Ойын элементі
Оқулықтағы 228-жаттығу: болымды етістіктен болымсыз етістік жасап, сөйлем құрастыру.
Үлгі: асық → асықпа, …
Жеке оқушымен жұмыс
Үлестірмелер арқылы сұрақтар мен тапсырмалар орындау.
№1 таратпа
- Етістік дегеніміз не?
- Дара етістік қалай жасалады?
-
Берілген сөйлемдерден күрделі етістікті тауып, қайсысы негізгі, қайсысы көмекші етістік екенін ажырат:
Аман құс үнінен оянып кетті.
Осы кеште Ербол Бөкенші жаққа қайтпақ еді.
№2 таратпа
- Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір.
- Болымсыз етістік қалай жасалады?
- Негізгі етістікке 5 сөз, туынды етістікке 5 сөз жаз.
VII. Рефлексия (тест)
-
1. Туынды етістікті табыңыз.
A) Аз B) Жүр C) Көмектес D) Бар E) Өт
-
2. «Қайтті? Қайтеді?» сұрақтарына жауап беретін сөз табы.
A) Зат есім B) Етістік C) Одағай D) Үстеу E) Есімдік
-
3. Етістік нені білдіреді?
A) Заттың іс-әрекетін B) Заттың атын C) Заттың түрін D) Заттың санын E) Заттың көлемін
-
4. Сөйлемнен туынды етістікті табыңыз: «Ол жұмысын адал басқарса.»
A) Ол B) Жұмысын C) Адал D) Басқарса E) Жоқ
-
5. Күрделі етістікті табыңыз.
A) Алып берді B) Кел C) Айтты D) Жайды E) Көріп
-
6. Дара етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Біз тыңдап отырмыз. B) Олар келе жатыр. C) Ол оқып отыр. D) Мен мектептен келдім. E) Ерік әдебиет оқып отыр.
-
7. Күрделі етістігі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Арман сабақ оқып отыр. B) Балалар мектепте отыр. C) Сен кешке кел. D) Ол келмеді. E) Сізді көрдім.
VIII. Сабақты бекіту («Зымыран сұрақтар»)
- Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
- Етістік дегеніміз не?
- Етістіктің сұрақтары қандай?
- Болымды етістік дегеніміз не?
- Болымсыз етістіктің жұрнақтарын атаңыз.
IX. Үй тапсырмасы
- Болымды және болымсыз етістіктерді қатыстырып, «Қыс кереметі» тақырыбына ой толғау жазу.
- 229-жаттығу.
X. Қорытынды ой
Сабақты Жүсіп Баласағұнның мына сөзімен қорытындылаймыз:
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле.
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.»
Толық нұсқасын жүктеу.