Ыбырай Алтынсарин Даланың дара ұстазы Ашық сабақтың мақсаты

Ашық сабақтың мақсаты

Қазақ даласының дара ұстазы Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық жолын және келешек ұрпақтың қамы үшін атқарған еңбектерін оқушыларға түсіндіру арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Өлеңдері мен әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ұғындыру.

Білімділік

Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік және ақындық қырын таныту, тіл шеберлігін ұғындыру.

Дамытушылық

Ой тұжырымын жасау, тіл байлығын кеңейту, есте сақтау қабілетін және көркемсөз оқу шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік

Өнерді, ақын-жазушыларды құрметтеуге, сондай-ақ ұлы тұлғалардың көзқарасын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері мен форматы

Міндеттері

  • Зейін қойып тыңдау
  • Мәнерлеп оқу
  • Мазмұндама беру
  • Өнегелі білім алу

Түрі, әдіс-тәсілдері және ресурстар

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Топпен жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

Көрнекілік

Ыбырай Алтынсариннің суреттері, кітаптар, деректі фильм, слайд

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет теориясы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1.Оқушылармен амандасу
  2. 2.Сыныпты топқа бөлу
  3. 3.Оқу құралдарын тексеру
  4. 4.Оқушы зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Үй тапсырмасы: Ыбырай Алтынсариннің өмір деректері.

Топтар

  • 1-топ: Зерттеушілер
  • 2-топ: Ізденімпаздар

Тапсырмалар екі топқа да бірдей беріледі.

1-тапсырма: «Дыбыстар сөйлейді»

Әріптер арқылы мінездеме құрастыру:

Ы — ынталы Б — білімді Р — рахымшыл А — ақылды Й — инабатты

Жалғасы: «Алтынсарин…» — оқушылар өз ойымен толықтырады.

2-тапсырма: «Жылдар сөйлейді»

Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау (жылдар бойынша маңызды оқиғаларды толықтыру).

Жылдар Маңызды оқиғалар
1841 Оқушылар толықтырады
1850 Оқушылар толықтырады
1857 Оқушылар толықтырады
1859 Оқушылар толықтырады
1860 Оқушылар толықтырады
1864 Оқушылар толықтырады
1876 Оқушылар толықтырады

III. Жаңа сабақ

Ыбырай Алтынсарин — балалар әдебиетінің атасы. Ол бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнады: алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазды.

«Хрестоматия» алғысөзіндегі негізгі ұстаным

«Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…»

Хрестоматияға Ыбырай өз педагогтік мақсатына сай тәрбиелік мәні жоғары шағын әңгімелерін, өлеңдерін, ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай-ақ орыс педагогтері мен қаламгерлерінен аударған шығармаларын енгізді. Бұл туындылардың тақырыптық-идеялық мазмұнынан ұстаз-тәрбиеші ретінде қойған адамгершілік мақсаттары айқын көрінеді.

Өлеңдері

Табиғат лирикасы

«Өзен», «Жаз»

Оқу-білім, өнерге үндеу

«Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар»

Ізгілік пен сыйластық

«Бұл кім?», «Әй, жігіттер!», «Әй, достарым!», «Ананың сүюі»

Әлеуметтік теңсіздік

«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері» т.б.

Әңгімелері

Әдеп және мінез

«Әдеп» — әдептілік пен кішіпейілділік туралы. «Асыл шөп» — сабырлы болуға үндейді.

Тәрбиелік түйін

«Бақша ағаштары» әңгімесінде әкесі балаға түзу және қисық ағашты көрсетіп, адамның да тәрбиеге қарай қалыптасатынын түсіндіреді.

Адамгершілікке баулу

«Таза бұлақ», «Бақша ағаштары», «Қарға мен құрт», «Сауысқан мен қарға», «Алтын шеттеуік»

Еңбек, табандылық

«Бай баласы мен жарлы баласы», «Жан-жануарлар айтысы», «Әке мен бала», «Мұңсыз адам», «Байлық», «Дүние қайтсең табылады?», «Киіз үй мен ағаш үй»

Өнер мен білім

«Лұқпан хакім», «Зеректік», «Білгеннің пайдасы», «Талаптың пайдасы», «Атымтай жомарт»

Аудармалары

И. Б. Паульсон

«Бір уыс мақта», «Тәкаппарлық», «Әдеп», «Алтын шеттеуік»

Л. Н. Толстой

«Силинчи ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас»

К. Д. Ушинский

«Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға»

И. А. Крылов

«Қайырымды түлкі»

Сергіту сәті және талдау

Мәнерлеп оқу

Ыбырай Алтынсариннің «Залым төреге» өлеңі және «Бақша ағаштары» әңгімесі мәнерлеп оқылады.

Топтық талдау

  • 1-топ: «Залым төреге» өлеңіне СКТ (сатылай кешенді талдау) жасайды.
  • 2-топ: «Бақша ағаштары» әңгімесін композициялық құрылымы бойынша талдайды.

Сабақты қорытындылау

Қазақ халқының ұлы мақтанышы, тұңғыш ағартушы-ғалым әрі шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласында алғаш мектеп ашып, оқу-ағарту ісін жүйелі жолға қойған оның еңбегі бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.

Сабақты бекіту

Өмір деректері туралы фильм көру

Бағалау

Белсенді қатысуына қарай оқушылардың білімі бағаланады

Үй тапсырмасы

  • Ыбырайдың өлеңдерінің мазмұнын түсініп келу
  • Өлеңдерін жатқа, мәнерлеп айту
  • «Даланың дара ұстазы» тақырыбында шағын шығарма жазу