Сіздер көркем жазу жарысын көруге келіп отырсыздар
«Көркем жазу» жарысы
Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға, өз ойын жазбаша түрде толық жеткізуге және баяндай білуге баулу.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Эстетикалық тәрбие беру.
Жүргізушінің құттықтау сөзі
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен қонақтар, оқушылар! Бүгін сіздер «Көркем жазу» жарысын тамашалауға келдіңіздер.
Армысыңдар, ардақты көрерменім,
Қошаметтеп, дем беріп, қолда бәрін.
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы —
Сіздер үшін осы кеш ашылады.
Іріктеу және сайыс барысы
Жарыстың бірінші кезеңінде оқушылардың математика және қазақ тілі дәптерлерінің жүргізілу деңгейі, тазалығы мен көркем жазуы бағаланып, қатысушылар іріктеліп алынды.
Бүгін жарысқа қатысушылар өздерінің көркем жазу шеберлігін көрермендер алдында дәлелдейді.
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады.
Негізгі екпін
-
Жазудың тазалығы мен ұқыптылығы — оқушының мәдениетінің көрінісі.
-
Көркем жазу — ойды нақты, түсінікті және әсем жеткізу дағдысы.
-
Шығармашылық пен эстетика — жарыстың өзегін құрайды.