Табиғи қорлар және өндірісСабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы
Табиғи қорлар және өндіріс
Сабақтың түрі
Ашық сабақ
Сабақтың әдістері
- Сатылай кешенді талдау
- СТО
- Кластер стратегиясы
- ТСН
- Деңгейлеп оқыту
Көрнекілік және байланыс
Қазақстанның физикалық картасы, иллюстрациялар.
Пән аралық байланыс: биология, жаратылыстану, химия, экология.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Табиғи орта, табиғи қорлардың топтары, оларды ұтымды пайдалану мен қалпына келтіруді ұйымдастырудағы географияның рөлі, сондай-ақ шаруашылық әрекетінің әсерінен табиғаттағы өзгерістерді бақылау туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, ой-өрісін кеңейту, есте сақтауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Қоршаған ортаға жауапты көзқарас қалыптастыру, табиғатты аялауға, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу
- Сыныпты түгендеу
II. Үй жұмысын сұрау
1-тапсырма (1-топ)
Тест
2-тапсырма (2-топ)
Сәйкестендіру
3-тапсырма (3-топ)
Тақтамен жұмыс
Тест сұрақтары
-
1) Солтүстік Қазақ жазығының өзендері қайсы?
- а) Іле, Шу
- ә) Сырдария, Сарысу
- б) Есіл, Ертіс
- в) Жайық, Жем
-
2) Шөл зонасы Қазақстан аумағының қанша пайызын алып жатыр?
- а) 30%
- ә) 40%
- б) 25%
- в) 65%
-
3) Мұғалжар тауының ең биік нүктесі?
- а) Бесшоқы
- ә) Боқтыбай
- б) Бесбақан
- в) Ұлытау
-
4) Тянь-Шань тауын зерттеген орыс ғалымы?
- а) А. Н. Краснов
- ә) П. П. Семенов
- б) Л. С. Берг
- в) И. В. Мушкетов
-
5) Тянь-Шань табиғатында ұйымдастырылған қорық қайсы?
- а) Ақсу-Жабағылы
- ә) Марқакөл
- б) Алтай
- в) Алакөл
-
6) Сауыр–Тарбағатай тауларының батыс бөлігіндегі аудан?
- а) Тұран
- ә) Қазақ жазығы
- б) Шығыс Еуропа
- в) Сарыарқа
-
7) Жоңғар қақпасынан соғатын жел?
- а) Сайқан
- ә) Мұғалжар
- б) Қордай
- в) Шілік
Сәйкестендіру
| Түсінік | Сәйкестігі |
|---|---|
| 1) Рахман бұлағы | Алтай тауында |
| 2) В. Докучаев | Топырақтану |
| 3) Темір кені | Әйет, Лисаков |
| 4) Ең үлкен мұздық | Корженевский |
| 5) Қазақтың ұсақ шоқысы | Сарыарқа |
| 6) Ертіс өзеніндегі су қоймасы | Бұқтырма |
Сөзжұмбақ сұрақтары
-
1) Физикалық аудандар саны?
Жауабы: Тоғыз.
-
2) Арал маңы мен Үстірт қай физикалық аймаққа кіреді?
Жауабы: Тұран.
-
3) Солтүстік Қазақ жазығының өзені?
Жауабы: Тобыл.
-
4) Қорғалжын қорығының көркі?
Жауабы: Қоқиқаз.
-
5) Орал тауының Қазақстандағы жалғасы?
Жауабы: Мұғалжар.
-
6) Түсті металдарға бай аудан?
Жауабы: Алтай.
-
7) Алтай тауының ең биік шыңы?
Жауабы: Мұзтау.
III. Жаңа сабақ: табиғи қорлар туралы түсінік
Табиғат — адамның өмір сүретін ортасы. Қоршаған ортадағы су, ауа, жел, пайдалы қазбалар, күн энергиясы, өсімдіктер мен жануарлар — табиғи қорларға жатады.
Негізгі анықтама
Табиғи қорлар — қоғамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеу үшін өндірісте пайдаланылатын табиғи ортаның бөлігі.
Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты ұзақ мерзім бойы табиғи ресурстармен қамтамасыз ету — күрделі әрі өзекті мәселе. Сондықтан қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін байлықтарды ұтымды жұмсау, шикізаттың, отынның және энергияның жаңа көздерін іздеу қажет.
Бұл бағыттағы маңызды қадамдар: балама (арзан әрі қолжетімді) шикізатты кеңінен қолдану және ресурстарды жан-жақты, толық пайдалану.
Табиғи қорлардың негізгі топтары
- 1 Отын-энергетикалық қорлар
- 2 Минералдық қорлар
- 3 Климаттық қорлар
- 4 Су қорлары
- 5 Топырақ-өсімдік қорлары
- 6 Жануарлар дүниесінің қорлары
Табиғи қорларды қорғаудың өзектілігі
Табиғи қорларды қорғау бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар мәселеге айналды. Табиғи ортаға зиянды әсер көбіне литосфера, гидросфера және атмосфераның ластануымен байланысты.
Сондықтан экологиялық проблемаларды шешу көптеген елдердің бірлесе әрекет етуін талап етеді.
Қазақстандағы табиғи қорлар: алуан түрлілік және әлеует
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі және аумақтың кеңдігі табиғи қорлардың әртүрлі әрі мол шоғырлануына мүмкіндік береді.
Республика аумағынан пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған. Сонымен қатар климаттық, минералдық, отын-энергетикалық қорлар жөнінен де Қазақстан дүниежүзінде елеулі орын алады.
Жалпы алғанда, Қазақстандағы табиғи қорларды жоғарыдағы негізгі топтар бойынша жүйелеуге болады.