Оқушының ауызша сұрақтарға тез жауап беру қабілеттерін дамыту

5-сынып Математика Пысықтау сабағы Презентациямен

Сабақтың тақырыбы

Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер.

Сабақтың түрі

Пысықтау сабағы.

Сабақтың әдістері

  • Тест тапсырмалары
  • Есептер шығару
  • Сұрақ-жауап
  • Сергіту ойындары
  • Топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Сабаққа қатысты сызбалар
  • Интерактивті тақта
  • Кеспелер
  • Фишкалар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға дұрыс және бұрыс бөлшектердің анықтамасын меңгерту, оларды ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін және есептеу дағдыларын жетілдіру; белсенділігін арттыру; пәнге қызығушылығын дамыту; ауызша сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Саналы түрде оқуға, жауапкершілікке және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу; тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа әзірлігін және оқу құралдарының толықтығын тексеру.
  • Сыныптың жалпы дайындығын байқау.

II. «Тез жауап» (сұрақ-жауап)

  1. Жай бөлшек неден тұрады?
  2. Үлес дегеніміз не?
  3. Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
  4. Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

III. Сергіту сәті және ой толғаныс

Ойын элементі Сөзжұмбақ

Сөзжұмбақ сұрақтары

1) Алымы бөлімінен тең немесе одан үлкен бөлшек
Жауабы: Бұрыс
2) Жазықтықтағы шеңбердің ішкі бөлігі (шеңбердің өзімен қоса алғандағы фигура)
Жауабы: Дөңгелек
3) Тең бөліктер қалай аталады?
Жауабы: Үлестер
4) Геометриялық фигура
Жауабы: Шаршы
5) Құрамында мәнін табу қажет болатын әріп бар өрнек
Жауабы: Теңдеу
6) Ең кіші жай сан
Жауабы: Екі