Ашық сабақСабақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы
Ұлттық бас киімдердің ою-өрнектері
Сабақ мақсаты
- Оқушылардың қолөнер дағдысын дамыту.
- Ою-өрнекпен жұмыс жасауға икемдеу.
- Ою-өрнекті тігу және кестелеу тәсілдерін үйрету.
- Ой-өрісін, іскерлігін және ұқыптылығын дамыту.
Тәрбиелік мақсат
- Әсемдікке баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.
- Тазалық пен еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Тарих, сурет
Құрал-жабдықтар
Бас киім түрлері, мата, ине-жіп, қайшы
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
II. Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырып бойынша қысқаша сұрақ-жауап және орындаған жұмыстарын қарау.
III. Жаңа тақырып
«Үлгісі көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп»
Тілімізде ою-өрнек деп қосарлана айтылатын сөз бар. Ол тұрмыста бұйымның бетін әшекейлеуге қолданылатын нақыш, өрнек деген мағынаны білдіреді. Ою-өрнек — әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектерінің жиынтығы.
«Ою» сөзін латынның ornament, ал «өрнек» сөзін орыстың узор сөздерінің баламасы ретінде қолдануға болады. Қазақ қолөнерінде ою-өрнек өте кеңінен пайдаланылады.
Ұлттық бас киімдер туралы
Халқымыздың ұлттық бас киімдері өте көп: қасаба, айыр қалпақ, кимешек, сәукеле, бөрік, тақия және т.б. Бүгін біз осының ішінен тақияны таңдап, оны ою-өрнекпен әшекейлеп тігуді үйренеміз.
Тақияның ерекшелігі
- Тақия — ерлердің жеңіл бас киімі, түрлері көп.
- Пішіні: биік төбелі, тегіс төбелі, үшкір төбелі.
- Матасы: тысы пүліш, қыжым; астары жібек, сәтен.
- Түсі көбіне көк, жасыл, қара болып келеді.
IV. Сарамандық жұмыс
Сызба және бөлшектер
Оқушылар сән эскизі бойынша сызба бөлшектерінің және элементтердің құрылысын түсіндіреді:
- A) төбесі
- Ә) жиелігі
L
54 см
E
54 см
R
10,5 см
N
5 см
Жұмыс кезеңдері
-
1
Тысы, бидайы және астарын бірдей етіп пішіп, жиек пен төбе үшін оюларын қиып дайындау.
-
2
Жиек пен жиек астарының төменгі жақтарын тігу; төбе мен астарының қиылған жерлерін тігу; жиегін тігіп бекіту.
-
3
Төбе мен астарын беттестіріп, жиегіне қондыру. Берілген сызба бойынша бөлшектерді түрлі тігістерді қолдана отырып қосып тігу, ою-үлгілерін тігіп кестелеу.
Жұмыс аяқталған соң бұйымды дымқыл-жылулық өңдеуден өткіземіз. Кейін кестені толтыру жұмысы жүргізіледі.
Қауіпсіздік және өзіндік жұмыс
- Оқушылар техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіреді.
- Қыздар өзіндік жұмыс жасап, тапсырманы кезең-кезеңімен орындайды.
V. Сабақты бекіту (сұрақ-жауап)
1) Қандай тақия түрлерін білесіңдер?
2) Қандай ою-өрнек түрлерін қолдандыңдар?
3) Қандай мата түрлерін қолдандыңдар?
Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді тәжірибеде көрсетіп, жаңа экономикалық терминдермен таныстыңдар. Алған білімдеріңді өмірде қолдана білулеріңе тілектеспіз.
VI. Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма беріледі (мұғалім нұсқаулығына сәйкес).