Оқушыларды жазбаша көбейту және бөлу амалдарын меңгерту

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән

Математика

Сынып

3

Сабақ тақырыбы

Есептеудің жазбаша тәсілі

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды жазбаша көбейту және бөлу амалдарын меңгерту.

Оқу нәтижесі

Оқушылар жазбаша көбейту және бөлу амалдарын қорытындылайды.

Оқыту әдістері

  • Лездеме
  • Аялдама
  • Бағдаршам

Барлық оқушылармен (A, B, C) жұмыс

  • Электронды оқулықтағы тапсырмалар.
  • Деңгейлік тапсырмалар.

Сабақ барысы

Кіріспе

15 мин

Қызығушылықты ояту: ұйымдастыру кезеңін өткізеді, оқушылардың сабаққа әзірлігін тексереді.

Үй тапсырмасын пысықтау: «Лездеме» тәсілі арқылы сандардағы бірлік, ондық және жүздік санын сұрайды.

Негізгі бөлім

20 мин

Мағынаны тану: оқулықпен жұмыс жүргізіледі.

Мұғалім тапсырма беріп, бағыт-бағдар көрсетеді және орындалуын қадағалайды.

Назар аударатын тұс

Жазбаша көбейту мен бөлудің қадамдарын жүйелі орындау, аралық нәтижені дұрыс жазу және тексеру тәсілдерін қолдану.

Сергіту сәті

1 мин

«Ағаш түбіндегі биші» бейнеклипі қосылады.

Қорытынды

Ой толғаныс: «Құпия сөз» атты логикалық тапсырма беріледі.

9 мин

Үй тапсырмасы

160-беттегі №8 және №9 есептер. Орындау жолы түсіндіріледі.

Қосымша ресурс

«Есептеудің жазбаша тәсілі» материалын жүктеу ұсынылады.