Орыс тіліне аудару
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Бұл сабақ сан есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде танытуға, оны зат есіммен байланыста қолдануға және мәтіннен сан есімді таба білуге бағытталған. Сонымен қатар оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделеді.
Сабақтың түрі
Тренинг сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Математика, орыс тілі
Көрнекіліктер
Сюжетті сурет, үлестірмелі қағаздар
Сабақтың мақсаты
-
1
Сан есімді грамматикалық тұрғыдан сөз табы ретінде таныту; олардың зат есіммен байланысын түсіндіру; мәтіннен сан есімді таба білуге үйрету.
-
2
Байланыстырып сөйлеу дағдысын және ойлау қабілетін дамыту.
-
3
Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру және кіріспе
Тренинг сабағының негізгі мақсаты — оқушыларды ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулу, ойларын бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру.
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Топтық жұмыс барысында әр оқушының қатысуы назарда болады.
II. Өткен сабақты бекіту (сұрақ-жауап)
— Мынау не? — Алма.
— Қай сөз табы? — Зат есім.
— Алма қандай? — Алма қызыл. сын есім
— Неше алма? — Бір алма. сан есім
III. Жаңа сабақ: «Сан есім»
Сан есім туралы ереже еске түсіріледі, сұрақтары, құрамы және мағынасы бойынша жүйеленеді.
Бағыт 1
Сан есімнің сұрақтары
Бағыт 2
Құрамы
Бағыт 3
Мағынасы
Плакаттармен жұмыс
Берілген сөйлемдерді оқып, сан есімдерді табу тапсырмасы орындалады.
- «Жеті» — реттік сан есім ретінде талданады.
- «Екінші» — есептік сан есім ретінде талданады.
IV. Оқулықпен жұмыс
67-жаттығу: ауызша орындау.
V. «Ойлан тап» (жұмбақ)
Әр топ қарсы топқа жұмбақ жасырады және оны орыс тіліне аударады.
1) Екі таяқ, төрт сылдырмақ, бір сыпыртқы.
Жауабы: сиыр — корова
2) Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, бұл үйден көреген боп шығасың.
Жауабы: мектеп — школа
VI. «Халық айтса, қалт айтпайды» (мақал-мәтел)
Мақал-мәтелдердің мағынасы ашылып, сөйлем ішінен сөз таптары анықталады (зат есім, етістік).
1-топ Киіміңе мақтанба, біліміңе мақтан.
Тапсырма: етістікті табу.
2-топ Ердің атын еңбек шығарады.
Тапсырма: зат есімді табу.
VII. Оқулықпен жұмыс (жазба)
68-жаттығу: топпен орындау, 4 оқушы тақтаға жазады.
VIII. «Кім көп біледі?»
- 1 Сан есімі бар мақал-мәтел айту.
- 2 Сан есімі бар жұмбақ айту.
Өз бетімен жұмыс
Оқушыларға деңгейлеп тапсырмалар беріледі. Берілген мәтін немесе сөйлемдерден сан есімді тауып, түрін анықтайды.
IX. Қорытынды
Сабақты бекіту
Сан есім туралы негізгі ұғымдар қайта қаралады.
Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырма мұғалім нұсқауымен беріледі.
Бағалау
Топтық және жеке жұмыс нәтижесіне қарай бағаланады.