Ару көктем енді біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашала

«Жан жылуым — анашым» мерекелік ертеңгілігі

Бұл сыныптан тыс іс-шара Аналар мерекесін насихаттауға, аналарға деген құрметті арттыра түсуге арналған. Құрметті қонақтар — аналар, тәрбиешілер, әжелер және кішкентай бүлдіршіндер, баршаңызды келе жатқан 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен және көктемнің келуімен МАД «А» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды.

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс тілейміз. Көктемдей құлпырып, әрдайым шат-шадыман жүре беріңіздер. Осы мерекеге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Анаға арналған жыр

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп, талай түн қаттың.
Өміріме нұрын берді ақ сүтің,
Кең құшағың — аясындай гүл бақтың.

Енді бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық. Тәрбиеленушілер бір-бірінің қолынан ұстап, топқа билеп кіреді. Олар көктем мезгілінің көрінісін сахналап көрсетеді.

Көктемнің келуі: көрініс пен өлең

Диас

Мен көңілді көктеммін,
Гүл боп қарда егілем.
Дән болып жерге егілем,
Жаңбыр болып жауам да,
Нұр болып көктен төгілем.

Тәрбиеші

Қар, мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай-салада ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?

Рахмет, балалар! Көктемнің қандай боларын сезіндік.

Құттықтаулар және ізгі тілек

Данияр

Анам маған «үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін ата-ана кеңесінің төрайымы Зура әжеге береміз.

Қазақ елінде тұрып, көк тудың астында еркін ойнап-күлген күніміз ұзақ болсын деген тілекпен, топтың орындауындағы «Құттықтаймын, мама» әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші

Ару көктем, енді біздің бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашала. Ал енді балалар, бүгінгі Аналар күніне арналған құттықтауларымызды бастайық.

Балалардың құттықтауы

Аяжан

Сыйлайыншы гүлімді
Теріп алған даладан.
Мейрамыңыз бүгінгі
Құтты болсын, анажан.

Сізге бүгін сый-құрмет,
Жан анашым, мерейім.
Қаласаңыз, би билеп,
Ән де шырқап берейін.