Сабақтың мақсаты. Сабақтың әдісі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
5 саны және цифры.
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ойын әдісі
Сабақтың мақсаты
- 1. 5 санын екі санның қосындысы түрінде көрсету; 5-тен кем сандарды 5-ке дейін толықтыру; мәні 5-ке тең қосынды құрастыру және оған кері айырма құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
- 2. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- 3. Ауызша, жылдам есептеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Плакат
- Сандар кассасы
- Оқулық
- Суреттер мен сандар
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық сәт:
Әрбір іске жауапты,
Бала болам талапты.
Уәдесінде тұратын,
Адам болам салмақты.
- Оқу құралдарын дайындау.
- Партада дұрыс отыруды қадағалау.
II. Өткенді еске түсіру
А) «Сан тастамақ» ойыны
Мұғалім алты баланың алдына 0, 1, 2, 3, 4, 5 сандарын тастайды. «Сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар дұрыс ретпен тұрып шығуы керек.
Қатысушылар
Какенкаджиев Абылай
Қатысушылар
Какибаева Айша
Қалған оқушылар 0-ден 5-ке дейінгі сандарды кері кему ретімен санайды:
5, 4, 3, 2, 1, 0
Ә) «Кім тапқыр?» ойыны
Тақтаға берілген сандардың ішінен қайсысы жоқ екенін анықтау.
Мысал
0, 3, 5
Жоқ сандар
1, 2, 4
III. Жаңа сабақты меңгеру
А) Мұғалімнің түсіндірмесі
Балаларға жақсы, қуанышты хабар айтылады: төрт күннен кейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланған күн атап өтіледі. Сабақты қуанышпен және елге, мемлекетке деген құрметпен бастау ұсынылады.
Аманғазы Ислам мен Мұратова Аяулым Президентке деген құрметін қысқа өлең шумақтарымен жеткізеді. Одан кейін сабақ мазмұнына қайта ораламыз.
Негізгі ұғым
5 — қосынды арқылы құрастыру, толықтыру және кері амалмен (айырма) бекіту.
- 5 = 4 + 1
- 5 = 3 + 2
- 5 − 1 = 4, 5 − 2 = 3
Ә) Жұмбақ есептер
Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 4 туысын,
Ертіп келіпті бұл ара.
Мұз айдында 3 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.
Б) Дәптермен жұмыс
5 санын дәптерге көркем жазу.
Ұсыныс: жазғанда өлшемін сақтап, сызықтан шықпау.
В) Сергіту минуты
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Алақанды ашайық,
Бесті беске қосайық.
Оң аяқта 5 башпай,
Сол аяқта 5 башпай.
Бесті беске қосқанда,
Болады екен 10 башпай.
IV. Қорытынды
- Сұрақ: 5 саны 4 санынан кейін тұрады.
- Сұрақ: 5 саны қандай қосындылар арқылы құралады? Мысалы: 4+1, 3+2.
- Сұрақ: Кімнің жасы 5-те?
V. Мадақтау
Оқушылардың белсенділігін атап өтіп, әр балаға «Қуанышты хабарлама» таратылады.
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге!
5 саны мен цифры туралы ашық сабақ аяқталды.