Бүгінгі мереке Ұлы Жеңіс мерекесі
Елдік те, ерлік те — ұрпаққа аманат
Жер бетіне нұр шашқан Жеңіс күні — жақсы үміттің шырағы қайта жанған күн. Аспанды қаптаған қара тұман серпіліп, зұлымдықтың түні сөнді.
Бүгін дала жайнап, бала біткен асыр салып қуансын. Жүректер қуаныштан жарыла жаздап, көңілдер жақсы үмітпен аялансын.
Армысыздар, бүгінгі мерекеге жиналған қауым! Бейбіт өмірдің төл басы — Жеңіс көктемі, Үміт көктемі, елдің ерен көктемі. Ерлік көктемі құтты болсын!
Жеңістің салтанаты және жадымыздағы жауапкершілік
Ұлы Жеңістің қуанышы мен салтанатынан бұрын кешегі қайғы мен аза анағұрлым ауыр еді. Сондықтан да күші басым жауды жеңіп шыққан ұрпақ өкілдерінің еңбегі тарихтан лайықты орнын алады.
Тәуелсіз Қазақстан халқы өз тарихын әрдайым қастерлеп, жадында сақтауға тиіс. Соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерлік дәстүрі бүгінгі Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп жүрген жас ұландардың азаматтық ары мен асыл арманында мәңгі жаңғырып тұра береді.
Тағзым
Осынау сұрапыл шайқаста «Елім, жерім!» деп қасық қаны қалғанша шайқасып, қаза болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алайық.
Бұл сөзде шаттығым бар бүгін менің:
«Жеңдім мен, майданда да бүгілмедім.
Жалғасы секілді екен сол майданның —
Есімде еңбек етіп жүгіргенім».
Мерекелік құттықтаулар мен сахналық бағдарлама
Бүгінгі мереке — Ұлы Жеңіс мерекесі. Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай құттықтау сөз ауыл әкімі Ернияз Жанарысқа және мектеп директоры Ермек Сатовке беріледі.
Жас ұрпақтың ой-толғауы
Жас буын — желкілдеген жас құрақ. Жеңіске ой жүгіртсек, сонда ғана Жеңіс туының қаншама құрбандықпен тігілгенін терең ұғамыз.
Ұландар ұйымының құттықтауы.
Би және әуен
- Би: «Прощание славянки».
- Ән: «Мама» — орындаушы Темірхан Аяжан (облыстық «Бозторғай» байқауының бас жүлдегері, республикалық байқауға жолдама иегері).
- Ән: «Жас қазақ».
- Би: «День Победы» әніне қойылған би — бишілер тобы.
Соғыс жылдарындағы бала тағдыры
Соғыс уақытындағы балалардың өмірі ел басына күн туған қиын кезеңде өтті. Ал Ұлы Жеңіспен бірге дүние есігін ашқандар — ең бақытты жандар. Бүгінгі салтанатқа соғыс жылдарындағы балалар мен Жеңістің құрдастары қатысып отыр.
Мерекелік құттықтау сөз ардагерлер кеңесінің төрағасы Ертас Сарсеновке беріледі.
«Ер есімі — ел есінде»
Жеңіс күніне арналған арнау өлеңін Қ. Мұхашов оқиды:
«Жауды жеңіп салтанатты құрғандар,
Отан үшін оттай жанып тұрғандар.
Бәрінен де бақытты ғой жарандар —
Жеңіс күні, жеңіс жылы туғандар».
Борыш, батырлық, бейбітшілік
Құрметті ағайын, өздеріңізге мәлім: Кеңес Үкіметі кезеңінде сол тұстағы саясаттың пәрменімен еліміздің азаматтары Ауған соғысына қатысып, жауынгерлік борышын адал атқарды.
Солардың бірі — Ауғанстанның Чынчанд деген жерінде әскери қызметін өтеген Әділхан Сариев. Келесі сөз Әділхан Сариевке беріледі.
Бұл Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Соғыс салған ауыр зардап пен қайғы-мұңды ұмытуға болмайды. Балалық шағын сол ауыр жылдарда өткізіп, Жеңіспен бірге дүние есігін ашқандарды Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймыз.
Тілек
Соғыс бұлты тұр менің жүрегімде,
Бейбітшілік, тыныштық тілегім де.
Отан үшін от кешкен бабаларым —
Ұмытпаймыз сендерді бұл өмірде.
Қорытынды
Құрметті ағайын! Шуақты күндеріміз көп болсын, мереке мерекеге ұлассын. Бәріңізге бүгінгі Жеңіс мерекесі құтты болсын! Осылайша мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.