Сайыстың аты

Тақырыбы

Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі

Мақсаты

  • Ата-ана, бала және шағын орталық арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
  • Салауатты өмір салтын насихаттау.

Қатысушылар

«Қарлығаш-2», «Балдырған», «Ботақан», «Балбөбек», «Қарлығаш» мектепалды даярлық шағын орталық топтарының ата-аналары.

Шараның ашылуы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Армысыздар, спорт сүйер жанкүйерлер! Қош келдіңіздер, біздің сайысқа!

Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Аянбастан спортқа сал барыңды!

Бүгінгі «Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі» атты сайыста 5 топтың ата-аналары бақ сынайды. Сайыскерлерді құрметтеп ортаға шақырайық!

Командалар

  • Тұлпар тобы
  • Қыран тобы

Рәсімдер

Әнұран: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Құттықтау сөзі: әдіскер-жетекші Сүлейменова А. У.

Әділқазылар: қазылар алқасы сайланады.

Таныстыру кезеңі

Баяғы жыраулардың салтымен, әр команда өздерін таныстырады.

Сайыс кезеңдері

Спорт сүйер сайыскерлер! Шынықтыру жаттығуларымен бойымызды сергітіп алдық, енді негізгі айналымдарға көшейік.

1) «Мергендер»

Командалық

Құрсауға құм салынған қапшықтарды лақтырып, дәл түсіру керек. Қапшықты көп түсірген команда жеңімпаз атанады.

2) Кедергілерден өту (бала)

Балалар кезеңі

Машинамен кедергілер арасынан құлатпай өтіп, межені айналып, кеглилерді жинап келу. Дұрыс әрі жылдам орындаған команда жеңеді.

2.2) «Дед Мазай» (ата-ана)

Ата-ана кезеңі

Қолда екі құрсау болады: бір құрсауға екіншісін алмастыра отырып межеге жету керек. Қайтарда кедергілер арасындағы кеглилерді жинап қайтады.

3) «Кенгуру» (ата-ана)

Аралас қозғалыс

Ата-ана беліне қалта тағылып, тапсырманы орындайды: анасы үлкен доппен, әкесі секіртпемен секіріп барып, өз түстеріне сәйкес 5 допты жинап қалтаға салады. Кейін кері секіріп келіп, доптарды шелекке салады да, өз шарларын жинап алады.

Кім тез жинаса, сол команда жеңіске жетеді.

Команда түстері

  • Қыран тобы жасыл
  • Тұлпар тобы сары

3.2) «Көңілді доп» (бала)

Балалар кезеңі

Үлкен допқа мініп, белгіленген жерге дейін секіріп барып, қайта оралу. Дұрыс әрі тез орындаған команда жеңіске жетеді.

4) «Қаппен секіру»

Жалпы кезең

Қаппен секіріп барып, межені айналып келу. Дұрыс әрі тез орындаған команда жеңіске жетеді.

5) «Шаңғы тебу»

Жалпы кезең

Екі аяққа баклашкадан жасалған шаңғы киіп, белгіленген жерге дейін барып, қайта оралу. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.

Қажетті құралдар: баклашкадан жасалған шаңғы.

Қорытынды және марапаттау

Шығармашылық сәт

Хор: «Көк тудың желбірегені».

Нәтиже

Әділқазылар қорытындысы жарияланып, қатысушылар сыйлықтармен марапатталады.

Жүргізушінің қорытынды сөзі

Осымен бүгінгі «Үлгілі отбасы — тәуелсіз елдің тірегі» атты спорттық сайысымыз аяқталды. Қатысқан ата-аналарға көп рахмет! Сау болыңыздар!