Көсемшеге сұрақ қой

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Көсемшенің екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылуын және өзіндік ерекшеліктерін таныту.

Дамытушылық

Оқушылардың көсемше туралы түсінігін кеңейтіп, жасалу жолын және сөйлемдегі қызметін талдауға, қолдануға үйрету.

Тәрбиелік

Елін, жерін құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, досқа адал болуға және мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Топқа бөлу, сабақтың мақсатын нақтылау.

II. Үй тапсырмасын сұрау (топтық жұмыс)

I топ

Есімшенің жасалуы

II топ

Ерекшелігі

III топ

Сөйлемдегі қызметі

Есімше жұрнақтары (топтастыру)

-ар -ер -ған -ген -қан -кен -атын -етін -йтын -йтін -мақ -мек -бақ -бек -пақ -пек

Мысал: Оқыған жетер мұратқа.

Бекіту

Есімшенің сөйлемдегі қызметіне байланысты әр топ үш сөйлем құрастырып, талдайды.

III. Жаңа сабақ

1) Ой қозғау

  • Көсемше тұлғалы етістіктерді жазыңыз.
  • Сұрақ қойып, топ ішінде талдаңыз.
  • Мысал келтіріп, сызба жасаңыз.

Көсемше жұрнақтары

-ғалы -гелі -қалы -келі -ып -іп -п

2) Мағынаны таныту (жұптық және топтық тапсырмалар)

  1. Сөйлемдерден көсемшені ажыратыңыз.
  2. Көсемшенің екі түрлі мәндегі қызметін анықтаңыз.

    Жұмабайдың қалаға бұл жолы не жұмыспен барғанын Абай дәл білмейді.

    Қазылар арызын сұрап еді.

    Меншиков жауап берді.

  3. Берілген көсемшелерді түрлендіріңіз:
    жаз — а сөйле — й бар — ып
  4. Өзіңіз білетін ақынның бір өлеңін жатқа жазыңыз. Көсемшеге сұрақ қойыңыз.

Оқулық: 200, 202-жаттығу.

3) Толғаныс

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» тақырыбы бойынша ойыңызды жазыңыз.

Кері байланыс: пікір парағы арқылы.

IV. Қорытындылау

Бүгін біз көсемшенің етістіктің ерекше түрі екенін мысалдар арқылы танып-білдік. Көсемше кейде тікелей жіктеліп, күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары ретінде қимылдың шақтық мағынасын білдіріп, етістік қызметін атқарады. Ал кей жағдайда қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде жұмсалады.

Үй тапсырмасы

Көркем әдебиеттен көсемшесі бар 4 мысал жазып келу.

Бағалау

Топтық жұмыс, тапсырма орындау сапасы және талдау дәлдігі бойынша бағаланады.