Сілтеу есімдігі
Сабақтың тақырыбы
Сілтеу есімдігі
Сабақ түрі
Қайталау · Жинақтау · Сайыс сабақ
Сабақтың мақсаты
-
1) Білімді жүйелеу
Сан есім бойынша алған білімдерін жинақтап қайталау және оны есімдіктермен байланыстыра отырып түсіндіру.
-
2) Дамытушылық мақсат
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, сезімін, қиялын және түсінігін дамыту.
-
3) Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды өзіне сын көзбен қарауға үйрету; елін сүюге, ана тілін оқып меңгеруге жауапкершілігін арттыру.
Қажетті ресурстар
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, схемалар, тест сұрақтары, кеспе қағаздар, ақын-жазушылар портреттері және т.б.
Әдістер
Сұрақ-жауап, қайталау, сурет арқылы ойландыру.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, музыка, сурет, тарих және т.б.
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу, жинақтау кестесімен жұмыс.
II. Үй тапсырмасына шолу
«Қайталау — білім анасы» және «Жүйрік болсаң, шауып көр» бөлімдері.
III. Сергіту сәті
«Жан аға» әні.
IV. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс және ой толғаныс.
V. Пысықтау
Сұрақтар арқылы бекіту.
VI. Үй тапсырмасы
Мәтін құрастыру және сілтеу есімдігін табу.
VII. Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырма орындауына қарай бағалау.
I. Ұйымдастыру: төрт топ
Сынып төрт топқа бөлінеді: Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылым. Оқушылар өз тобының атауына қысқаша мінездеме береді.
Қайрат
Құдайға лайықты ғибадат етуге, күнәдан және нәпсі-шайтанның азғыруынан сақтануға жетелейді.
Ақыл
Дүниеде де, ақыретте де ненің пайдалы, ненің залалды екенін танытады; пайданы іздеу мен залалдан қашуды үйретеді.
Жүрек
Адам тәнінің «патшасы»; әділет, ұят, рақым, мейірім осыдан туады. Адам баласын алаламауға үндейді.
Ғылым
Қайрат, ақыл, жүректі бір мақсатқа тоғыстырып, бәрін жүрекке билетуді ұсынады: осы үшеуі бір адам бойынан табылса — ол қасиетті адам.
Мұғалім сөзі
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден ерек.
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті —
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай атамыз айтқандай, ыстық қайратты, нұрлы ақылды, жылы жүректі ғылыммен байланыстыра отырып сабағымызды жалғастырамыз.
II. Үй тапсырмасына шолу: «Қайталау — білім анасы»
- 1-топ: Сан есім дегеніміз не? (Ережесін айту, сұрағын қою, мысал келтіру.)
- 2-топ: Сан есімнің құрамына қарай бөлінуін түсіндіріп, мысал келтіру.
- 3-топ: Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуін түсіндіріп, мысал келтіру.
- 4-топ: Сан есімнің емлесі дегеніміз не? Қанша жолмен жасалады? Мысал келтіру.
III. «Жүйрік болсаң, шауып көр»: тест жұмысы
Әр топқа арналған тест сұрақтары арқылы сан есімнің түрлері мен жалғауларын, сөйлемдегі қызметін анықтау дағдылары пысықталады.
1-топ сұрақтары
-
«Жүрегімнің түбіне терең бойла…» өлеңінің авторы кім?
А) Жамбыл Ә) Абай В) Ахмет Байтұрсынов С) Ыбырай Алтынсарин
-
Осы өлең жолында мыңмен сөзіндегі жалғау қайсы?
А) Тәуелдік Ә) Көптік В) Жіктік С) Септік
-
Егер септік жалғау болса, қай септік?
А) Табыс Ә) Атау В) Көмектес С) Барыс
-
«Оқ тиіп, он үшімде ой түсірген…» жолдары бар өлеңнің авторы кім?
А) Жамбыл Ә) Абай В) Ахмет Байтұрсынов С) Ыбырай Алтынсарин
2-топ сұрақтары
-
«он үшімде» тіркесіндегі сан есімнің түрі:
А) Болжалдық Ә) Есептік В) Реттік С) Жинақтық
-
«он үшімде» сөзіне жалғанған жалғаулар:
А) Тәуелдік + септік Ә) Септік + тәуелдік В) Тәуелдік + жіктік С) Тәуелдік + көптік
-
«он үшімде» сөзі сөйлемде қандай қызмет атқарады?
А) Анықтауыш Ә) Пысықтауыш В) Толықтауыш С) Бастауыш
-
«Атадан алтау, анадан төртеу…» үзіндісінде сан есімнің қай түрі кездеседі?
А) Болжалдық Ә) Есептік В) Реттік С) Жинақтық
3-топ сұрақтары
-
Мақалға лайық санды таңдаңыз: «… орда бұзбасаң, … қыр аспайсың.»
А) 40–50 Ә) 30–40 В) 50–60 С) 60–70
-
Осы мақалда сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
А) Анықтауыш Ә) Пысықтауыш В) Толықтауыш С) Бастауыш
-
«Ер қаруы…» деп басталатын мақал қай санға қатысты айтылады?
А) 3 Ә) 7 В) 6 С) 5
-
«Тамақ, күлкі, ұйқы» — киелі сандарға байланысты қай ұғымға жатады?
А) Үш кедейлік Ә) Үш арсыз В) Үш асыл С) Үш байлық
4-топ сұрақтары
-
Сан есіммен басталатын ертегі атауын таңдаңыз:
А) 30 Ә) 40 В) 20 С) 60
-
Дұрыс жазылған сан есімді таңдаңыз:
А) 16-қатар Ә) Ү-том В) 7-сынып С) ХХІ-ғасыр
-
«Алтау ала болса…» мақалындағы сан есімнің қызметі:
А) Бастауыш Ә) Пысықтауыш В) Толықтауыш С) Анықтауыш
-
С. Торайғыровтың «Бір адамға» өлеңі қай жылы жазылды?
А) 1916 Ә) 1914 В) 1920 С) 1922
IV. Жаңа сабақ: «Сілтеу есімдігі»
Есімдік — зат есімнің, сын есімнің және сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп те аталады.
Есімдіктің мағынасына қарай түрлері
- жіктеу
- сілтеу
- сұрау
- өздік
- жалпылау
- белгісіздік
- болымсыздық
Сілтеу есімдігі деген не?
Сілтеу есімдігі — меңзеу, нұсқау және көрсету мағыналарын білдіретін есімдік түрі. Мысалдар: сол, мынау, аналар, міне және т.б.
V. Кітаппен жұмыс
196-жаттығу — жазбаша орындалады.
VI. Ой толғаныс: «Сүйікті Қазақстаным»
Оқушылар берілген сөздердің көмегімен сілтеу есімдіктерін қатыстырып, өлең шумағын құрастырады.
1-топ
… … … ойладым,
… … … бойладым.
… … …-мен балаң,
… … … ойнадым.
2-топ
… … … көркем едің,
… … … есейгенмін.
… … … туған елім,
… … … көркейтемін.
3-топ
… … … жайнаған,
… … … қайнаған.
… … … ұлымын,
… … … ойнаған.
4-топ
… … … түсінгенге,
… … … толысар күшім деме.
… … … мән бермейміз,
… … … пайдалы ісің елге.
VII. Жаңа сабақты пысықтау (сұрақтар)
- Есімдік дегеніміз не?
- Есімдік деп қандай сөз табын айтамыз?
- Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
- Есімдік құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Сілтеу есімдіктері қандай мағынаны білдіреді? (Мысал келтір.)
VIII. Үй тапсырмасы
«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына мәтін құрастырып, ішінен сілтеу есімдігін тауып, астын сызу.