Тайыр Жароков (1908 - 1965)Қазақтың белгілі ақыны Тайыр Жароков 1908 жылы 26 - қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында, Нарын құмының бойында дүниеге келген
Тайыр Жароков (1908–1965)
Қазақтың белгілі ақыны Тайыр Жароков 1908 жылы 26 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында, Нарын құмының бойында дүниеге келген.
Туып-өскен ортасы — кедей шаруа болғанымен, қара сөзге шешен, суырыпсалма өлең айта беретін адамдарға бай орта еді. Үлкен әкесі — Малтахан, өз әкесі — Жарок. Сондай-ақ туыстары Ғалым мен Сапақ өлең тілімен бірін-бірі қағытып, әзіл-қалжыңмен айтысып отырады екен.
Бұл орта жас Тайырға ерекше әсер етіп, ол ерте жастан-ақ Сапақтың әзіліне өлеңмен жауап беріп үйренген.
Өлең: «Сауатыңды аш»
Ғасыр бойы тұман басқан,
Мұңдыларды мұнар басқан,
Жұмысшы тап теңдік алып,
Көзін ашқан, ұрандасқан.
Білімге кеп қаптан қаулап,
Аттанды жұрт сансыз саулап,
Сауатыңды аш, ұран сала,
Тауға самғап, өрттей лаулап.
Дайындаған
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің 3 «А» сынып оқушысы — Бисенбаева Жаннұр.