Азияның оянуы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Шұханова Эльмира Маратқызы
Сынып
10-сынып
Сабақтың тақырыбы
Азияның оянуы
Сілтеме
Білім стандарты, пән бағдарламасы, 10-сынып «Дүние жүзі тарихы».
Сабақтар тізімі
- 1 Азияның оянуы
- 2 Қазақтардың рухани мәдениеті: салт-дәстүрлері, діні, ұлттық мейрамдар
Жалпы мақсаттар
1) Революциялардың себеп-салдарын түсіндіру
Иран, Қытай және Түркиядағы революциялардың негізгі себептерін ашып көрсету; сондай-ақ жетекші капиталистік мемлекеттердің (Англия, Франция, Германия, Ресей, Италия, АҚШ, Австрия–Венгрия) Азия елдерінің ішкі істеріне араласу саясатының мақсаттары мен әрекеттерін түсіндіру.
2) Оқу құралдарын тиімді қолдану
Оқулық картасы, мәтін материалдары, интерактивті тақта және кестелерді пайдалану арқылы оқушылардың тақырыпты кең ауқымда меңгеруіне жағдай жасау.
3) Құндылықтарды қалыптастыру
Әділет пен тәуелсіздік үшін күрескен халықтардың арман-мақсаттарын түсінуге, қолдауға бағытталған азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Білім
Оқушылар Иран, Қытай және Түркиядағы революциялардың басты себептерін түсіндіре алады.
Талдау
Еуропа және АҚШ державаларының Азия елдерінің ішкі істеріне араласу саясатының мақсаттары мен әрекеттері туралы білімдерін толықтырады.
Тәрбиелік нәтиже
Өзге елдердің тарихын зерделей отырып, тәуелсіздікке ұмтылған халықтардың арман-мақсатын түсінеді; өз еліне сүйіспеншілігі артып, ұлтжандылыққа тәрбиеленеді.
Ресурстар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Қолайлы ахуал қалыптастыру, оқушылардың көңіл күйін анықтау.
- Түрлі түсті смайликтер арқылы оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.
Үй тапсырмасын сұрау
8 минут
I. Тест карталары
Әр оқушыға A, Ә, Б және В әріптерімен белгіленген, төрт жауап нұсқасы бар үлестірмелі карточкалар дайындалады. Мұғалім көпнұсқалы сұрақтар қояды.
II. «Крестиктер – нөлдіктер»
- Әр топ интерактивті тақтадан 1–9 аралығындағы санды кезекпен таңдайды.
- Мұғалім таңдалған нөмірге сәйкес сұрақты оқиды.
Білу және түсіну
15 минут
Мәтінмен жұмыс
Жаңа сабақтың тақырыпшалары 3 топқа бөлініп беріледі:
- 1-топ: Ирандағы конституциялық қозғалыстың негізгі кезеңдері
- 2-топ: Ирандағы конституциялық қозғалыстың өрлеуі
- 3-топ: 1906–1907 жылдардағы конституция
Қосымша тапсырма
Мұғалім топтағы әр оқушыға «Қытай» және «Осман империясы» деп жазылған парақшаларды таратып (немесе суыртып алғызу арқылы), салыстырмалы талдауға бағытталған қысқа тапсырма береді.
Сергіту сәті
Интерактивті тақтадан қимыл-қозғалысқа арналған қысқа бейнеролик көрсетіледі.
Талдау және жинақтау
1) «Ыстық орындық»
Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, орындыққа отырады. Орындықтағы оқушыға 10 сұрақ қойылады.
2) «Лездеме»
Әр топтан бір оқушы шығып, бүгінгі сабақтың негізгі ұғымдарын 1 минут ішінде түсіндіреді: