Еркін сөйлей білуге дағдыландыру

Іс-шараның құрылымы

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  2. Әділқазылар алқасын таныстыру.
  3. Екі топты ортаға шақыру:
    • «Сәйгүлік» тобы
    • «Сұңқар» тобы

Кештің мақсаты

  • Ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінуге ықпал ету.
  • Оқушыларды шешендік өнерге баулу.
  • Тапқырлық пен шапшаңдыққа үйрету.
  • Еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
  • Ой ұшқырлығын дамытуға бағыттау.

1-айналым: Тіл туралы қанатты сөздер

Слайдта тіл туралы өлең жолдары мен қанатты сөздер көрсетіледі. Қатысушылар асты сызылған сөздердің синонимдерін табады.

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады.»

— А. Байтұрсынов

«Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.»

«Ана тілі — халық болып жаратылғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.»

— Ж. Аймауытов

«Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.»

— Р. Ғамзатов

«Әрбір саналы, мәдениетті азамат үшін ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу — мәдениетсіздік.»

— М. Әуезов

2-айналым: Жұмбақтар және мақал-мәтел

Қатысушылар жұмбақтардың жауабын табады. Әрі қарай жұмбақтың шешімі кездесетін сөз бар мақал-мәтел айтып жалғастырады.

Жұмбақтар

  1. Шылбырын сүйрейді, жыртықты түзейді.

    Жауабы: ине

  2. Адамға серік, күзетке берік.

    Жауабы: ит

  3. Көтеріліп теңізден, аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде, өңі кірер даланың.

    Жауабы: жаңбыр

  4. Тілден ұшып, құлаққа қонады.

    Жауабы: сөз

  5. Мен кетемін, ол қалар.

    Жауабы: із

  6. Сылдырдан қорқады, шошынып жатады.

    Жауабы: қоян

  7. Тісі нарттай, тілін тартпай, жолға шықса, қоймайды құртпай.

    Жауабы: от

  8. Жана-жана түнде, таусылды ол мүлде.

    Жауабы: шырақ

  9. Көлбең-көлбең етеді, жер түбіне жетеді.

    Жауабы: түтін

  10. Даладай кімнің кең пейілі, данадай кімнің мол мейірі?

    Жауабы: ана

3-айналым: Асықтағы әріптер

Екі топқа әріптері жазылған асықтар ұсынылады. Міндет: 1-топ суырған әріптен басталып, 2-топ суырған әріппен аяқталатын сөздерді тауып айту.

4-айналым: 1 минуттық сөз құрастыру

1-топқа берілетін әріп жұптары

Ш – С А – О Н – Р А – Ы

  1. Еркек… қыз. (шора)
  2. Қыста онымен ойнаймыз. (шана)
  3. 12 түстің бірі, көк байрағымызда бар. (сары)
  4. Ұлт. (орыс)
  5. Ұшатын жәндік. (сона)
  6. Үш бәйтерек, бес…. (арыс)
  7. Бүгін өткізіліп жатқан…. (шара)
  8. Оны шеккен адам өмірін қор етеді. (наша)

2-топқа берілетін әріп жұптары

А – Н Қ – С Ы – А Н – Л

  1. Өлең шығаратын адам. (ақын)
  2. Атырау, Қызылорда, Семей, Алматы — …. (қала)
  3. Ең қымбат, ең …. (асыл)
  4. Асыл тастан …., ақыл жастан. (ақыл)
  5. Адамның ой-өрісі немесе ой-…. (сана)
  6. Шөп, өсімдік. (қына)
  7. Үйді майла, …. (сыла)
  8. Мұң, өкініш. (нала)

Қорытынды бөлім

  • Жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.
  • Шара қорытындыланып, пікір білдірушілерге сөз беріледі.