Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Атырау облысы, Махамбет ауданы
Есбол орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мусаева Анар Өмірзаққызы
Пән: Қазақ тілі (5-сынып)
Сабақ тақырыбы: Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Сілтеме: күнтізбелік жоспар, 5-сынып оқулығы, қазақ тілі мен әдебиеті журналы
Жалпы мақсат
- Дауысты дыбыстар бойынша алған білімді тексеру.
- Талдау жұмыстарын жүргізу арқылы білімді бекіту.
Оқыту нәтижесі
- Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады.
- Дауысты дыбыстарды тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай түрлерін біледі.
Құралдар мен тәсілдер
Ресурстар
- Слайд
- Кеспе қағаздар
- Тірек сызбалар
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Шығармашылық жұмыс
- Ойындар
- Семантикалық карта
- Талдау
Дереккөздер
- Оқулықпен жұмыс
- Қосымша мәліметтер
Сабақтың барысы
Уақыт: қысқа мерзімді жоспар
Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)
Сынып 2 топқа бөлінеді. Ынтымақтастыққа шақыратын өлең жолдары оқылады:
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ?
I. «Аталар ауылы» — Білгенің өзіңе жақсы
- Дауысты дыбыстар
- Тілдің қатысына қарай түрлері
- Жақтың қатысына қарай түрлері
- Ерін мен езудің қатысына қарай түрлері
II. «Әкелер ауылы» — Сандар сыр шертеді
Оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратылады. Әр оқушы өз санына байланысты мәлімет айтады.
Мысал: 12 — қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар.
Қолданылатын сандар: 12, 7, 1940, 1929, 25, 37, 42, 9.
III. «Бала ауылы» — «Кім жүйрік?» ойыны
Оқушылар жұмбақтардың шешуін тауып, жауабына дыбыстық талдау жасайды.
Жұмбақ 1
«УА!» — десіп отырар,
Кейде үлкендер білсеңдер.
«УА!» — дан тағы сөз туар,
Кері оқып көрсеңдер.
Жауабы: ау
Жұмбақ 2
... болады ол сөзің,
Екі әріптен тұрады.
Көріп жүрген күнде өзің,
Балықшының құралы.
Жауабы: ау
Жұмбақ 3
... — сүйікті тамағың,
Теріс оқып қарағын:
Кейде ұйқыда көретін
... боп шығар жауабың.
Жауабы: сүт — түс
Қосымша тапсырма
Оңға қарай оқысаң, қамыт — әбзел бұйымың.
Солға қарай оқысаң, «тымақ» — қысқы киімің.
Жауабы: тымақ
IV. «Немере ауылы» — Семантикалық карта
Оқушылар берілген кестені толтырады: дауысты дыбыстарды түрлеріне қарай жіктеу.
| Дауысты дыбыстар | Ашық | Қысаң | Жуан | Жіңішке | Еріндік | Езулік |
|---|---|---|---|---|---|---|
| А, Ә, О, Ө, Ұ, Ү, Е, И, Э, У, Ы, І | — | — | — | — | — | — |
Ескерту: Кестедегі сызықшаларды оқушылар сабақ үстінде қажетті белгілермен толтырады.
V. «Шөбере ауылы» — Шығармашылық жұмыс
1) Ұлттық ойындар
Дауысты дыбыстан басталатын қазақтың ұлттық ойындарын атау:
- Алтыбақан
- Аударыспақ
- Арқан тартыс
- Асық
2) Жаңылтпаш
Үш кіші ішік піштім.
Бес кіші ішік піштім.
Неше ішік кіші піштім?
3) Әріп пен дыбыс саны
Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөздерді табу:
Мысалдар: аю, қоян, сая, грамм, фильм және т.б.
VI. «Шөпшек ауылы» — «Ойлан, бірік, бөліс»
Берілген сөздің құрамындағы дыбыстардан жаңа сөздер құрастыру.
Тірек сөз: Алтыбақан
Мысалдар: алты, бақан, қан, ата, ана, бал, тана, бақа, бақ, ала, ал, тал, ық, Абат, Абыл, Ақан, талақ, бала, қал, нақ, батыл, бата, бақыт және т.б.
VII. «Немене ауылы» — Ой толғаныс
«Жеті атамды айтамын…» Оқушылар өздерінің жеті атасы туралы айтып, «жеті ата» ұғымы жөніндегі түсініктерін ортаға салады.
Тест жұмысы
Екі топқа 6 сұрақтан тест беріледі.
Бағалау (1 минут)
Сабаққа белсене қатысқан, ережелерді айтып, талдауға шыққан оқушылар бағаланады.
Рефлексия (1 минут)
INSЕRT әдісі арқылы кері байланыс жасалады.
Кейінгі жұмыс (1 минут)
- Ережені жаттау.
- Толық нұсқасын жүктеу.