Сиыр ішті деген сөйлемдерге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру және оны сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
- Байланыстырып сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту.
- Шыншылдыққа және көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
Интерактивті тақта
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды түгелдеу.
- 2 Сынып тазалығын және жеке бас тазалығын қадағалау.
- 3 Сабаққа әзірлігін тексеру.
Сәлемдесу
Келіңіз, төрлетіңіз,
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлемдесіп үлкенмен
Бас иеміз біз.
II. Үй тапсырмасын пысықтау
- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- «Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті.» сөйлемдеріне сөздер қосып, сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.
III. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бастамас бұрын «Сиқырлы сандар» ойынын ойнап, өткенді қайталаймыз. Осы арқылы бүгінгі тақырыпты ашамыз.
Ереже
Қимыл-іс әрекет иесін білдіретін сөз бастауыш деп аталады.
Бастауыштың сұрақтары
кім? кімдер? не? нелер? кімі? несі?
Мысалдар
- Жәния дайындалды.
- Боран соқты.
- Ауылдан әкесі келді.
Ендеше, дәптерімізді ашып, күн ретін жазайық.
Көркем жазу минуты
Тақтамен жұмыс және жазылым дағдысын бекіту.
Жаттығулар
22-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты.
Бұлт қоюланды.
Жаңбыр себеледі.
Оқушы оқыды.
Малшы бақты.
Қарамен жазылған сөздердің астын сыз және оларға сұрақ қой.
23-жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді.
Лақ маңырады.
Мұз қатты.
Күн шықты.
Сәкен оқыды.
Қимыл иесін білдіретін сөздердің астын сыз және оларға сұрақ қой.
24-жаттығу
Жұмбақтың шешуін тап та, жатқа жаз.
Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(Күз)
25-жаттығу
Өлеңді көшіріп жаз. Бастауышты тауып, астын сыз.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың-құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.
26-жаттығу
«Адасқан сөздер» ойыны арқылы сәйкестендіріп жаз.
| Жануар | Дыбыстауы |
|---|---|
| Арыстан | ақырады |
| Түйе | боздайды |
| Жылқы | кісінейді |
| Қой | маңырайды |
| Сиыр | мөңірейді |
27-жаттығу
Сұрақтарға бағанның оң жағындағы сөздерді пайдаланып жауап бер.
Оқушының жауабы сөйлем құрау арқылы толық әрі нақты берілуі керек.
IV. Ой сергіту сәті
«Тез тауып, бөгелмей айт» ойыны
Шарты: кез келген етістік оқылады. Оқушылар сол сөзге бастауыш қойып, сөйлемді тез құрайды.
V. Сабақты қорыту
- Бастауыштың анықтамасын қайталау.
- Сұрақтарын атап, мысал келтіру.
- Жаттығулар арқылы қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы
- Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
- Ережені жаттау.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жазба жұмыстары негізінде бағаланады.