Даналығын халқымның мақтан етем

Мақсаты

Оқушылардың бойында әдептілік пен алғырлық қасиеттерін қалыптарып, ұлы ғұламалардың сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыту. Аталы сөзден ғибрат алып, сыпайылық пен мәдениетті қарым-қатынасты дәріптеу.

Кештің барысы

Төменде жүргізушілердің кіріспе сөзі мен сайыстың басталу сәті ұсынылады.

1-жүргізуші

Достым, бүгінгі кештің сайысы ерекше сияқты. Айналаңа қарасаң, бәрі саған ақыл айтып тұрғандай. Оның үстіне, қонаққа келген ұлағатты ұстаздар мен жолдастарымның алдында бір түрлі толқып тұрмын.

2-жүргізуші

Несіне толқисың? Алдымен амандасайық. «Сөз атасы — сәлем» демей ме?!

Сәлемдесу

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар!

2-жүргізуші: Бармысыздар, оқушылар!

Кешке қош келдіңіздер

1-жүргізуші: Бүгінгі «Даналығын халқымның мақтан етем» атты сайысқа қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешке келгендеріңізге өкінбейсіздер. Себебі сіздер көптеген аталы сөздермен, ақылдың кені — бабалар өсиетімен танысасыздар.

Сайыскерлерді шақыру

1-жүргізуші: Олай болса, сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін сайыскерлерімізді ортаға шақырайық!

(Сайыскерлер — оқушылар ұлттық киіммен ортаға шығады.)

Шақыру жыры

2-жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ,
Ел намысын қорғамақ —
Топтар шықсын ортаға.

1-жүргізуші: Қайсысы күйші, кім биші —
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам —
Таланттарын табайық.

Әділқазы алқасы

2-жүргізуші: Оу, достарым, бұл топтардың өнерін бағалайтын әділқазы алқасы болмай ма?

1-жүргізуші: Дұрыс айтасың!

Ақты — ақ деп, аққа жақ болып баға берер
Әділқазы алқасы — кемеңгерлер.
Әділ бидей әділ баға беріңіздер,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер.

(Әділқазы алқасымен таныстыру.)