Жаңа сөздің біріне мәтін құра

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

5-сынып

Сабақ тақырыбы

Қазақ әліпбиі

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Бірін-бірі түсіндіру
  • Талдау
  • Жаттығу орындау
  • Ойлау және дәлелдеу

Көрнекіліктер

Плакат, түрлі түсті фломастерлер

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Мақсат, күтілетін нәтиже және бағалау

Білімділік мақсаты

Оқушылар қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және оның тарихын меңгереді. Өз ойларын ұтымды, нақты жеткізуге дағдыланып, тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға және өзгенің еңбегін әділ бағалауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже

  • Өткен сабақта алған білімін бекітеді.
  • Топтық жұмыс және бірін-бірі оқыту арқылы жаңа тақырыпты түсінеді.
  • Жаттығу мен талдау арқылы білімін кеңейтеді.
  • Топтастыру тапсырмалары арқылы өзін-өзі бағалауға дағдыланады.
  • Түсініктеме кестесін толтыру арқылы ойларын жинақтайды.

Бағалау

Бағалау формасы: топбасшының бағалауы. Сабақ соңында топбасшы ұпайларды санап, қорытынды бағасын айтады. Оқушылар өз бағаларымен салыстырып, пікір білдіреді.

Мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Өткен тақырыптарды және жаңа сабақ барысын ашық сұрақтар арқылы бағыттау.
  • Кластер толтыруға жетекшілік жасап, бағыт-бағдар беру.
  • Қажетті құралдармен қамтамасыз ету.
  • Кесте дайындап, оқу үдерісін жүйелеу.

Оқушының іс-әрекеті

  • Бірін-бірі оқыту арқылы материалды түсіну.
  • Сұрақтарға жауап беру және оқулықпен жұмыс жасау.
  • Талдау, топтастыру, кластер құру.
  • Эссе жазу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • «Шаттық шеңбері»: бір-біріне қуаныш сыйлау.
  • Санау арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Бір буынды сөздердің дауысты және дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар: ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз
  2. Жаңа сөздердің біреуіне мәтін құраңдар.

III. Жаңа сабақ (топтық жұмыс)

А) Ойлан, топтас, пікірлес

«Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер?» — топтастыру арқылы жауап беру.

Ә) Жұмыстарын қорғау

Топтар өз ойларын қорғайды: бірін-бірі қайталамай, толықтырып отыру ескертіледі.

Б) Оқулықпен жұмыс

Топпен жаңа тақырыпты оқып, сызбаларын толықтырады.

В) Кластер қорғау

Оқулықтағы ережені пайдаланып, «Әріп» тақырыбы бойынша кластерді толтырады.

42 таңба

Әліпбидегі таңбалар саны

Жазба түрі

Қолжазба нұсқасы бар

Баспа түрі

Баспалық нұсқасы бар

Сөздіктерде қолданылады

Іздеу мен жүйелеуге көмектеседі

Бас әріп / кіші әріп

Екі түрлі жазылуы бар

Орналасу тәртібі

Әріптердің реттік жүйесі сақталады

Төл 9 әріп бар

Қазақ тіліне тән әріптер

Г) Сергіту сәті

«Айна» ойыны.

IV. Тапсырмалар

1-топ

Әріптерді әліпби ретімен жазыңдар.

2-топ

Жоғалған әріптерді қойыңдар.

Қ... за...... азба м... ралар... ны... к... пш... лігі ара... ә... іпби... арқ... лы біздің... ама... ымы... ға жет... і. 1912 жы... ы... хмет Ба... тұр... ынов а... аб әліп... иін... н.. гіз... елген қа... ақ жазуы... а ал... ғаш ре... орма жа... а... ы.

3-топ

Төмендегі сөздерді бас әріппен жазып, мағынасының қалай өзгеретінін түсіндіріңдер.

қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал, дидар

Жұмыстарын қорғау: әр топ өз шешімін таныстырып, сұрақтарға жауап береді.

V. Рефлексия

А) Ауызша сұрақ

Мына сандар нені білдіреді? Түсіндіріңдер:

42 40 2 15 26 1912 1929 1940

Ә) Жазба жұмыс

Эссе жазу.

VI. Үй тапсырмасы

  1. 239-жаттығуды шарт бойынша орындау.
  2. Басқа тілдердегі әліпбилерде әріп саны қанша екенін анықтап келу.

VII. Бағалау

Топбасшы ұпайларды санап, қорытынды бағасын хабарлайды. Оқушылар өздерінің қойған бағаларымен салыстырып, қысқаша пікір айтады.