Табиғатты аялап
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Білім беру салалары
- Қатынас
- Әлеуметтік орта
- Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті бағыттары
- Тіл дамыту
- Экология негіздері
- Музыка
Көрнекілік, әдіс-тәсілдер
Көрнекілік: табиғат бұрышы, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Табиғат бұрышындағы жануарлар (балықтар, құстар, қоян) және өсімдіктер туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділік міндеттері
Жануарлар мен өсімдіктердің пайдасы туралы білімді кеңейту, оларды қорғау қажеттігін түсіндіру.
Дамытушылық және тәрбиелік міндеттері
- Табиғат бұрышындағы жануарлардың тіршілігі туралы мағлұмат беру.
- Қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыру.
- Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Билингвалдық компонент
- қоян
- заяц
- балық
- рыба
Кіріспе: «Шаттық шеңбері»
Қол ұстасып, кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге!
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Сұрақ-жауап арқылы ой қозғау
Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс
Сұрақ: Табиғат дегеніміз не?
Жауап: Табиғат — жануарлар, құстар, өсімдіктер және бізді қоршаған орта. Адам табиғатпен тығыз байланысты өмір сүреді.
Негізгі бөлім: Табиғат бұрышы деген не?
Табиғат бұрышы — мектепте немесе балабақшада тірі ағзалар орналастырылған арнайы орын. Мұнда өсімдіктердің әртүрлі түрі өсіріледі, ал жануарлар арнайы жағдай жасалған ортада ұсталады.
- Аквариумда — балықтар.
- Торда — үй қояндары.
- Күтім жасалатын жерде — тоты құстар.
Мұндағы басты идея — күтім және жауапкершілік: балалар жануарлар мен өсімдіктерді бақылап, дұрыс күтіп-баптауды үйренеді.
Топтық жұмыс
1-топ: Жануарлар
Жұмбақ
Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Қанаты бар — ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Жауабы: балық
Балықтар су астында тіршілік етеді. Олар уылдырық шашып көбейеді.
Ойланайық: балық туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
2-топ: Өсімдіктер
Жұмбақ
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
Жауабы: қоян
Балалар қоянға сипаттама береді.
- Қоян қандай аң?
- Қоян нені жақсы көреді?
- Қояннан басқа қандай аңдарды білесіңдер?
- Қоян туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Ойын
«Жануарлардың қорегін тап»
Тәрбиелік бөлім: Тыйым сөздер және табиғатты қорғау
Тыйым сөздер
- Құстың ұясын бұзба!
- Құсты атпа!
Бұл сөздер құстарды қорғау туралы айтады: табиғаттағы әр тіршілік иесі біздің қамқорлығымызға мұқтаж.
Тоты құс туралы танымдық мәлімет
Бұл — тоты құс. Тоты құс — әлемдегі ең әдемі құстардың бірі: оның қауырсындары алуан түсті болады. Тоты құстар адам дауысын айнытпай салып, басқа құстарды үркіте алады. Негізінен олар жылы, ыстық аймақтарда өмір сүреді. Қазіргі таңда адамдар оларды қолға үйретіп, үй жағдайында да асырайды.