Кинетикалық энергия
Сабақ туралы мәлімет
- Тақырып
- §23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Көрнекіліктер
- Үлестірмелі қағаздар, суреттер
Сабақтың мақсаты
- Энергияның сақталу және айналу заңын (энергияның бір түрден екінші түрге айналуы) есте сақтап, практикада қолдану.
- Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттыру.
- Ұқыптылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
- 1 Ұйымдастыру кезеңі
- 2 Үй тапсырмасын сұрау және қызығушылықты ояту
- 3 Мағынаны түсіну (жаңа сабақ)
- 4 Білімді бекітуге арналған есептер
- 5 Тест тапсырмалары
- 6 Анықтама кестесі
- 7 Бекітуге арналған тапсырмалар және БҮҮ кестесі
- 8 Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын сұрау
I деңгей (анықтамалар)
- Механикалық энергия — дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілеті.
- Кинетикалық энергия — қозғалып келе жатқан дененің энергиясы.
- Потенциалдық энергия — денелердің өзара әрекеттесу энергиясы.
- Энергияның өлшем бірлігі — Джоуль (Дж).
- Потенциалдық және кинетикалық энергиялардың өзгерісі жұмысқа тең.
II деңгей (формулалар)
- Кинетикалық энергия өзгерісі кезіндегі жұмыс өрнегі: A = ΔEk
- Потенциалдық энергия өзгерісі кезіндегі жұмыс өрнегі: A = −ΔEp
- Кинетикалық энергия: Ek = mv2/2
- Потенциалдық энергия (ауырлық өрісінде): Ep = mgh
- Механикалық энергия: E = Ek + Ep
III деңгей (есептер)
- Әр қабаттың биіктігі 3 м. Массасы 75 кг адам 1-қабаттан 6-қабатқа көтерілгенде ауырлық күші қандай жұмыс атқарады?
- Бала динамометр серіппесін созып, ең үлкен күш 400 Н екенін анықтады. Серіппенің қатаңдығы 10000 Н/м. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады?
Мағынаны түсіну (жаңа сабақ)
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Тұйық жүйе құрайтын және бір-бірімен тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Бұл заңнан шығатын негізгі қорытынды: табиғатта энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
Бекіту: есеп шығару
Негізгі есеп
Массасы 250 г дене 15 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Төмендегілерді табыңыз:
- Лақтыру мезетіндегі кинетикалық энергиясы.
- Ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясы.
- Ең үлкен көтерілу биіктігі.
Білімді тексеруге арналған есептер
I деңгей
- Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
- 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
II деңгей
- Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
- “Союз” сериялы ғарыш кемесінің массасы 6,6 т. Ол орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғанда кинетикалық энергиясы қандай? (А. П. Рымкевич, Алматы: “Рауан” баспасы, 1998 ж., №340 есеп)
III деңгей
- Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2 м/с-тен 8 м/с-ке дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңыз. (А. П. Рымкевич, Алматы: “Рауан” баспасы, 1998 ж., №341 есеп)
Тест тапсырмалары
1) Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
- A) Дененің қозғалыс энергиясы.
- B) Дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
- C) Серпімді деформацияланған дененің энергиясы.
- D) Ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.
- E) Дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.
2) Садақтан тік жоғары атылған жебе 10 с өткенде жерге түсті. Жебенің көтерілу уақыты
- A) 10 с
- B) 5 с
- C) 3 с
- D) 4 с
- E) 2 с
3) Дене импульсінің анықтамасына сәйкес өрнек
- A) a = F/m
- B) F·t
- C) p = m·v
- D) F = ma
- E) mv2/2
4) Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы
- A) mgh
- B) 0
- C) −mgh
- D) 2mgh
- E) mgh/2
5) Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы
- A) A = mg(h1 − h2)
- B) A = −(mgh2 − mgh1)
- C) A = mgh2 − mgh1
- D) A = 0
- E) A = mgh2
6) Қандай физикалық шамалар “Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?
- A) Күш импульсі
- B) Күш моменті
- C) Дене импульсі
- D) Күш
- E) Энергия
7) Тұрақты күш әсерінен дененің импульсі 4 с ішінде 20 кг·м/с-қа өзгерді. Бұл күш неге тең?
- A) 5 Н
- B) 1 Н
- C) 3 Н
- D) 4 Н
- E) 2 Н
8) Механикалық энергияның сақталу заңы
- A) E = mgh
- B) E = mv2/2
- C) Ek = Eт + Ep
- D) Eт = Ek + Ep
- E) Ep = Eт + Ek
9) Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы
- A) 12960 Дж
- B) 5000 Дж
- C) 360 Дж
- D) 500 Дж
- E) 180 Дж
10) Жұмысшы горизонталь бағытта 600 Н күш жұмсап, жәшікті 3 м-ге жылжытты. Істелген жұмыс
- A) 200 Дж
- B) 50 Дж
- C) 0,005 Дж
- D) 0
- E) 1800 Дж
Анықтама кестесі
| № | Физикалық шаманың атауы | Белгіленуі | Формуласы | Өлшем бірлігі |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Дене импульсі | p | p = m·v | кг·м/с |
| 2 | Күш импульсі | I | I = F·t | Н·с |
| 3 | Күш жұмысы | A | A = F·s·cosα | Дж |
| 4 | Ауырлық күші | Fау | F = mg | Н |
| 5 | Серпімділік күші | Fсерп | F = kx | Н |
| 6 | Кинетикалық энергия | Ek | Ek = mv2/2 | Дж |
| 7 | Потенциалдық энергия | Ep | Ep = mgh (немесе Ep = kx2/2) | Дж |
Білімді бекітуге арналған тапсырмалар
Сұрақтар
- Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не?
- Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
БҮҮ кестесі (толтыру)
| Білетінім | Үйренгенім | Үйренгім келетіні |
|---|---|---|
Оқушы сабақ соңында қысқаша қорытынды жасап, кестені толтырады.
Үйге тапсырма
§23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.