Балаларды сабаққа ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы

Геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш ұғымдарымен таныстыру.

Дөңгелек

Тегіс, бұрышы жоқ пішін

Шаршы

Төрт қабырға, төрт бұрыш

Үшбұрыш

Үш қабырға, үш бұрыш

Сабақтың мақсаты

  • Балалардың математикаға арналған дидактикалық ойындарға қызығушылығын арттыру.
  • Сөздік қорын байыту және жаңа ұғымдарды дұрыс қолдануға үйрету.
  • Ойын арқылы ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауын дамыту.
  • Тіл байлығын жетілдіріп, сұраққа нақты жауап беруге дағдыландыру.

Көрнекіліктер мен материалдар

Көрнекіліктер

  • Геометриялық пішіндер: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.
  • Сағат, кітап, ойыншықтар және басқа да тұрмыстық заттар.

Таратпа материалдар

Әр балаға пішіндер бейнеленген карточкалар немесе ұсақ үлестірмелер беріледі (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш).

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Сұрақ-жауап Көрсету

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды сабаққа ұйымдастыру:

Кел, балалар, ортаға,
Үлкен шеңбер құрайық!

2) «Жылулық шеңбері»

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырып, бір-біріне жылы лебіз айтуға бағыттайды:

Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер-Ана!
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
Қолымыздан ұстап, жылулықты бөлісейік!

Құрметті қонақтар, қош келдіңіздер. Бүгінгі сабағымыз ерекше: бізде қонақтар бар. Ендеше, математика бойынша дидактикалық ойындардан не үйренгенімізді бірге көрсетейік.

3) Кіріспе сұрақ (жұмбақ-өлең)

Тәрбиеші балалардың назарын шоғырландыру үшін маусым туралы өлең жолдарын оқиды:

Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға толады.
Бүршік жарып, жапырақ ашып,
Жер гүл шашақ тағады.

Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?