Бунақденелілердің суреттерін салу

Сабақ жоспары

Бунақденелілер

Бұл сабақта оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастыра отырып, бунақденелілердің сан алуандылығы, тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік беріледі. Пәнге қызығушылық оятып, өзін-өзі дамытуға жетелеу, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін арттыру көзделеді.

Көрнекілік

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Экология, әдебиет

Сабақ әдісі

Өз бетінше оқып, танып-білу

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу және сабаққа назарын шоғырландыру.

Білім алуға деген құштарлығын арттырып, жаңа сабақты бастау.

Сыныпты 3 топқа бөлу.

Өткен сабақты еске түсіру: «Кубизм» әдісі

Өткен тақырып бойынша сұрақтар «Зертте, Қолдан, Талда, Салыстыр, Дәлелде, Суретте» қырлары арқылы талқыланады.

1) Зертте

Ұлудың бақалшағын зерттеу: алдыңғы жағы дөңес, иірімдері бар. Иірімдер ұлудың өсуінің жылдық шеңберлерін білдіреді.

2) Қолдан

Шаянды тұрмыста қолдану: асшаян ретінде тағамға пайдалануға болады.

3) Талда

Шаянның аяқтары мен ауыз мүшелерін бөліктерге ажырату:

  • 1 — антеннулла
  • 2 — антенна
  • 3 — мандибула
  • 4 — I максилла
  • 5 — II максилла
  • 6–8 — жақаяқтары
  • 9–13 — жүретін аяқтары
  • 14–15 — купулятивті аппарат
  • 16–18 — екі тармақты құрсақ аяқтары
  • 19 — құйрық жүзбеқанаты

4) Салыстыр

Өзен шаяны мен өрмекшінің тыныс алуын салыстыру: өзен шаяны желбезек арқылы, ал өрмекші демтүтік арқылы тыныс алады.

5) Дәлелде

Шаяндар мен өрмекшілердің буынаяқтылар типіне жататынын дәлелдеу: олардың денесі буындарға бөлінген.

6) Суретте

Өрмекшінің дене құрылысын суретке түсіру (оқушылар суретін салады).

Ой қозғау

Әр топқа суреттер көрсетіліп, сол бойынша әңгіме құрастырылады және болжамдар айтылады.

Мағынаны тану: негізгі ұғымдар

Энтомология

Энтомология — бунақденелілерді зерттейтін ғылым. Атауы грек тіліндегі entoma (бунақдене) және logos (ғылым) сөздерінен шыққан.

Жіктелуі (қысқаша)

Тип

Буынаяқтылар

Класс

Бунақденелілер

Класс тармақтары

Туақанатсыздар және қанаттылар

Дене құрылысы

Бас Көкірек Құрсақ

1-топ: Бас бөліміндегі мүшелер

  • Екі мұртша
  • Жай және күрделі көздер
  • Ауыз мүшелерінің құрылысы (әртүрлі типтері)

2-топ: Көкірек бөліміндегі мүшелер

  • Аяқтары
  • Қанаттары
  • 6-сыныпта өткен материалмен байланыстыра отырып, аяқ құрылысын ажырату

3-топ: Көбеюі және дамуы

Толық түрленіп даму

Жұмыртқа → дернәсіл → қуыршақ → имаго

Тура даму

Жұмыртқа → имаго

Шала түрленіп даму

Жұмыртқа → дернәсіл → имаго

Тура даму

Көбіне қанатсыз бунақденелілерге тән.

Шала түрленіп даму

Ақпа, інелік, дәуіт, бит, қандала, шегіртке, бұзаубас.

Толық түрленіп даму

Қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар және т.б.

Имаго дегеніміз не?

Имаго — бунақденелінің ересек күйге өткен кезеңі. Термин латын тіліндегі imago — «ересек дара» сөзінен шыққан.

Ескерту: Толық түрленіп дамудың видеокөрінісін көрсету ұсынылады.

Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Пайдалы жақтары

  • Өсімдіктерді тозаңдандырады.
  • Топырақты қопсытады, табиғатты тазартуға қатысады.
  • Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін жәндіктерді жояды.
  • Бал арасы өнімдері медицинада қолданылады.
  • Тұт жібек көбелегі жібек өндіруге пайдаланылады.
  • Кейбір түрлері тағам ретінде қолданылады.

Зиянды жақтары

  • Ауру таратады.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіреді.
  • Жеміс-жидекке, көкөніс дақылдарына залал келтіреді.
  • Үй жиһаздарына және азық-түлікке зиян келтіруі мүмкін.

Бунақденелілер туралы ғажайып фактілер

  • Қазіргі уақытта бунақденелілердің кемінде 1 миллион түрі белгілі. Кейбір ғалымдардың пікірінше, олардың саны 10 миллионға дейін жетуі мүмкін.
  • Құмырсқалар сияқты кейбір бунақденелілер өз салмағынан бірнеше есе ауыр заттарды таси алады.
  • Бүрге өз бойынан 130 есе биікке секіре алады, ал жұлдызқұрттардың бұлшықеттері адамдікінен алты есе көп болуы мүмкін.
  • Мүйізтұмсық қоңыз өз салмағынан 850 есе артық салмақты көтере алады.

Рефлексия: РАФТ әдісі

R — Рөл

Мұғалім тақырыпты ұсынады.

A — Аудитория

1-топ: Құмырсқа мен шегірткеге сипаттама береді.

F — Форма

2-топ: Кейіпкерлерді жақтау/даттау мазмұнында хат жазады.

T — Тақырып

3-топ: Осы тақырып бойынша әңгімелейді.

Әдеби байланыс: «Құмырсқа мен шегіртке»

Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған,

Көгалды қуып, гөлайттап,

Қызықтап жүріп жазды алған.

Жазды күні жапырақтың

Бірінде тамақ, бірінде үй.

Жапырақ кетті, жаз кетті,

Күз болған соң кетті күй.

Өкінгеннен не пайда,

Суыққа тоңған, қарны ашқан.

Ойын қайда, ән қайда —

Оныменен тұрмады.

Қар көрінді, қыс болды,

Сауықшыл сорлы бүкшиді.

Тымақ қиын іс болды,

Секіру қайда — сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Саламда жатып дән жиған

Құмырсқаны іздеп табады.

Сілкілеп келіп жығылды,

Аяғына бас ұра:

«Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Жаз шыққанша асыра».

«Мұның жаным сөз емес,

Жаз етерін білмеп пе ең?

Жаның үшін еш шаруа

Ала жаздай қылмап пе ең?»

«Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме?

Көгалды қуып, ән салып,

Өлеңнен қолым тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер!»

«Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер!»

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

  1. «Бунақденелілер» тақырыбын оқып келу.
  2. Бунақденелілердің суреттерін салу.
  3. Ізденіс жұмысы (топтық):

1-топ

Зиянды бунақденелілермен күресу жолдары

2-топ

Қазақстанның Қызыл кітабына енген бунақденелілер

3-топ

Бунақденелілердің маңызы