Алтын шашты алтын күз

Іс-шара тақырыбы

«Алтын күз – 2013» байқауы

Ұйымдастырушы

Музыка жетекшісі: Марат Роза

Мақсаты

  • Күз және күзгі табиғат құбылыстарының ерекшеліктері туралы түсінік беру, балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру.
  • Сөздік қорын молайту, білімін жетілдіру және танымдық белсенділігін дамыту.
  • Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа баулу, ой-өрісін кеңейту.
  • Табиғатты аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Өлең жолдары

Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін:
«Хош келдің!» – дер көкте күн.

Балдырғандар! Бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте бақшада
Оқу жылын бастайды.

Соңғы айы бұл күздің,
Бақшада ойын ойнаймыз.
Күзгі балын бақшаның
Қарашада тойлаймыз!

Құрметті балдырған бүлдіршіндер, апайлар! Бүгінгі Күзгі бал мерекесіне қош келдіңіздер!

Құлақ түрсең – аңдай қағып, күз кеткендей әнге айналып. Жел сыңсытса – қобыз тартып, қыр тыңдайды таңдай қағып. Ендеше, бүгінгі байқауға қатысушы талапкерлерімізді ортаға шақырамыз — қошеметпен қарсы алыңыздар!

Қатысушы топтарды таныстыру

Ортаңғы «А» — «Алтын кілт» тобы

Салқын тартып түз демі,
Білдіреді күз нені?
Шым еткізер жүректі
Тырналардың тізбегі.

Ортаңғы «Б» — «Күн шуақ» тобы

Ызғырықты жел өтіне
Шыдап баққан тербетіле.
Ағаш біткен шашып жатыр
Алтын теңге жер бетіне.

Ересек — «Балдәурен» тобы

Тұра тұғын құлап көктен,
Күнде салқын қыратты өпкен.
Момақансып, сылдыр қақпай,
Жылтырайды бұлақ біткен.

«Алтын күз» туралы жыр

Өлең жолдары

Алтын шашты алтын күз!
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді әр ісімен
Риза етті халқын қыз.

Қыры толы егіске,
Бағы толды жеміске.
Елді сыйға кенелтті —
Қолы ашық періште.

Жыл мезгілдерінің сұлулығы

Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар, балалар. Табиғат қай кезде де — тамаша дүние. Күз келгенде сары-қызыл жапырақтарды тамашалаймыз; қыс түскенде аппақ қарда ойнаймыз; көктемде қабат-қабат тонымызды шешіп, күн сәулесіне қыздырынып, бүршік атқан талдарды, ұшып келген құстарды көріп, жаңа өмір басталғандай әсер аламыз; ал жазда көлге барып, суға түсіп, демалысымызды ерекше өткізуге тырысамыз.

Іс-шара: «Алтын күз – 2013» байқауы. Мақсаты — күз туралы танымды кеңейтіп, өнерге қызығушылық пен табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.