Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады
Бастауыш сынып мұғалімі: Жолдас Р.
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Күз мезгіліндегі адамдардың еңбегі
Сабақтың жалпы мақсаты
Білімділік
Оқушыларға табиғаттың әсем көріністерін бақылата отырып, әсемдік пен сұлулықты сезінуге баулу, эстетикалық талғамын арттыру. Оқи білуге, ойды жүйелі жеткізуге және дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Дамытушылық
Оқушылардың сөздік қорын, ой-қиялын дамыту. Жинақы, нақты сөйлеуге және сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Күз байлығы мен көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, табиғатты сүюге, қорғауға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Жұмбақ мәтіндері
- Оқулық
- Постер құрастыруға арналған плакаттар
- Бағалау критерийлері жазылған таратпа парақшалар
Сабақ барысы
Кіріспе
3 минут«Күн» суреті арқылы топ мүшелері бір-біріне тілек айтып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Топқа бөлу
Кеспе қағаздар арқылы ағаш атаулары бойынша топқа бөлінеді:
- 1-топ: Аққайың
- 2-топ: Терек
- 3-топ: Тұт
- 4-топ: Шырша
- 5-топ: Емен
Үй тапсырмасын пысықтау
5 минут
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Жауап: Күз мезгілінде.
Қайталау сұрақтары
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар.
- Күз мезгілінің ай аттарын атаңдар.
- Ауа райын немен өлшейміз?
- Табиғат тұстарын атаңдар.
- Өлі табиғат пен тірі табиғат дегеніміз не?
Жаңа материалмен жұмыс
15 минутМозайка әдісі
Әр топқа қиындылар үлестіріледі. Оқушылар қиындыларды құрастырып, бүгінгі тақырыпты табады және сабақ мақсатын ашады.
Сұрақтар арқылы тақырыпты ашу
«Жуан және жіңішке» сұрақтар арқылы жаңа тақырыпты талқылау ұйымдастырылады.
Жаңа сабақты қолдану
Топтарға шығармашылық тапсырма беріледі. Топ басшылары Джигсо әдісі бойынша басқа топтарға ауысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Оқулықпен жұмыс: мақал-мәтелдер
- Еңбегің қатты болса, жегенің тәтті болады.
- Еңбек етсең емерсің.
- Еңбек етпеген ішіп-жемейді.
Жұмбақтар
Әр топ дайындап келген жұмбақтарын жасырады, сынып болып шешеді.
-
Бойын жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан.
Жауабы: Сәбіз
-
Әр желінің асты толған көк қоян, көк қоянды жаз болғанда жеп қоям.
Жауабы: Қияр
-
Іші жұмсақ, сүті қатты, еті қызыл, сүті тәтті.
Жауабы: Қарбыз
-
Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең, жылатады.
Жауабы: Пияз
-
Басым — дене, денем бас, мойным қысқа, бұрылмас.
Жауабы: Орамжапырақ
-
Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар.
Жауабы: Бидай
Қорытындылау
Күз туралы суреттерді пайдаланып, оқушылар постер құрастырады және өз жұмыстарын қорғайды.
Бағалау
Формативті бағалау белгіленген критерийлер бойынша жүргізіледі.
Кері байланыс
3 минутОқушыларға стикерлер таратылады. Олар өздеріне ұнаған сәттерді жазып, тақтадағы «жеміс ағашына» іледі.
Рефлексия сұрақтары
- Не сәтті өтті?
- Не сәтсіз болды?
- Нені дамыту керек?
Толық нұсқасы
Толық нұсқасын жүктеу үшін материалды орналастыру платформасындағы сілтемені пайдаланыңыз.