Қазақстан Президентінің сүйіп тыңдайтын әні
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы • №34 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі: Масакбаева Сайра Сабырхановна
Мемлекеттік мереке
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы білімді толықтыру.
- Оқушылардың бойында ұлттық рух пен патриоттық сезімді нығайту.
- Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті азамат қажет екенін ұғындыру.
Дамытушылық
- Сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
- Жалпыадамзаттық қасиеттері жоғары тұлға қалыптастыру.
- Жас ұрпақтың Отан алдындағы борышын сезіндіру.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты
Әуен: «Елім менің»
Көрнекіліктер мен ресурстар
- «Ел таңдаған Президент» және «Ерекше тұлғалық болмыс» стендтері
- Ғаламтордан алынған бейнежазбалар
- Маңызды дәйексөздер жинақталған кітапшалар
- Слайдтар мен таратпа материалдары
- Кітап көрмесі
- Шарлар мен ленталар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып бөлмесі мерекеге сай безендіріледі, «Елім менің» әні ойнап тұрады.
- Оқушылар шақырылған қонақтарды қарсы алып, кейін үш топқа бөлініп отырады.
Арнайы шақырылған қонақтар
- «Жас Отан» Жастар қанатының жоба үйлестірушісі (Қазақ гуманитарлық заң университеті)
- «Жас Отан» Жастар қанатының жетекшісі
- №34 мектептің оқу ісі меңгерушілері: Оразбеков Естай Ниязбекұлы, Аққожина Рыскүл Маулетқызы
- 9–10 сынып оқушылары, бастауыш сынып оқушысы Нұрым Сағымғали
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні — мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Бұл күн 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланысты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы, мемлекеттің бірлігін, Конституцияны, адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету жолында қызмет еткен тарихи тұлға.
Осыған орай, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
1-оқушы
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран.
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш Президенттің сайлануы, Қазақстанның әлемге танылуы, тарихи Отанына қандастардың шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттік келбетінің жаңаруы — мұның бәрі тәуелсіздіктің әр күні ғана емес, әр сағаты игі істерге ұласқанын көрсетеді.
Рухы күшті ел — алынбайтын қамал. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрған кезде, Қазақстанның келешекте дамыған, өркениетті ел боларына сенім мол.
Бүгінгі тәрбие сағаты үш топ арасындағы білім сайысы түрінде өтеді. Балалар, білімдеріңді сынап көріңдер. Іске сәт!
І кезең: Үй тапсырмасы
Бұл кезеңде топтар Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысын түрлі қырынан сипаттайды:
1-топ
Президенттің өмірбаяны
2-топ
Мемлекет басшысының қызмет ауқымы, билік рәміздері
3-топ
Ерекше тұлғалық болмыс
Кітап көрмесін таныстыру
- І бөлім: «Егеменді елдің Елбасы»
- ІІ бөлім: «Әлемді мойындатқан тарихи тұлға»
Ұйымдастырушы: кітапхана меңгерушісі Масалимова Самал Сұлтановна
ІІ кезең: Дәйексөздер сайысы
Топтар қоғамдық-саяси өмір, экономика, мәдениет және халықтың салт-дәстүрі туралы тақырыптар бойынша Н.Ә. Назарбаевтың ең маңызды дәйексөздерін жатқа айтып сайысады.
ІІІ кезең: Сөзжұмбақ
Топтар Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған сөзжұмбақты шешеді:
- 1 Н.Ә. Назарбаевтың авторлық әні
- 2 Астанада Президенттің суреті мен сызбасы негізінде салынған кешен
- 3 Н.Ә. Назарбаевтың кітабы
- 4 Елбасының мамандығы
- 5 Н.Ә. Назарбаев жоғары оқу орнында оқыған қала
- 6 Қазақстан Президентінің сүйіп тыңдайтын әні
- 7 Қазақстан Президентінің билік рәмізі
- 8 Нұрсұлтан бітірген орта мектептің орналасқан жері
- 9 Н.Ә. Назарбаев басқаратын халықтық-демократиялық партия
ІV кезең: Ән мен өлең
Топтар Н.Ә. Назарбаевтың есімімен байланысты әндер орындап, өлең оқиды.
Қонақтардың орындауы
Оразбеков Естай Ниязбекұлы және Аққожина Рыскүл Маулетқызы халық әні «Сәулемай» шығармасын орындады.
Оқушының орындауы
Нұрым Сағымғали Н.Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әнін орындады.
V кезең: Қорытынды
- 1 Ғаламтордан Н.Ә. Назарбаевтың сұхбатынан үзіндіні тамашалау (Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында, «Хабар» агенттігі).
- 2 Әр топ бүгінгі сабақтан түйген ойларын айтады.
- 3 Оқушылардың пікірлері мен тілектері тыңдалады.
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Бүгінгі білім сайысымыз мәресіне жетті. Дегенмен, бүгінгі сабаққа қатысқан үш топтың бәрін де жеңімпаз деп жариялағым келеді. Себебі осындай атаулы күні үлкен мерекені атап өтуге белсене қатысқан әр оқушы — жеңімпаз.
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі мереке құтты болсын. Естелік ретінде Елбасымыздың құнды пікірлері мен дәйексөздері жинақталған кітапшаларды сіздерге тарту етемін.
Әр мерекенің өз дәстүрі біртіндеп қалыптасады. Мерекеде кітап сыйлау дәстүрі жалғасын тапсын деймін. Болашақта елін сүйетін, халқы үшін қызмет ететін азамат болып өсесіңдер деп үміттенемін.