Алғырлар тобына берілетін сұрақтар

«Көшбасшы – биолог» интеллектуалды ойыны

Бұл танымдық сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру және алған білімдерін жүйелеу, тиянақтау.

Түрі

Интеллектуалды ойын

Қатысушылар

8–9 сынып оқушылары

Құрамы

4 топ, әр топта 4 оқушы

Сайыстың жүргізілу тәртібі

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! 8–9 сыныптар арасында биология пәнінен өтетін «Көшбасшы – биолог» танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Тұрмағамбет Ізтілеуов: Ақыл – тон, аңдағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаңның ауруы не қозбайтұғын.

Топтар

  • І топ: Білгірлер
  • ІІ топ: Тапқырлар
  • ІІІ топ: Алғырлар
  • IV топ: Ойшылдар

Қазылар алқасы

Сайыскерлердің білімі мен шеберлігіне әділ баға беретін қазылар алқасы алдын ала таныстырылады.

Ереже және ұпай қою

Сұрақ саны

Әр топқа ортақ – 15 сұрақ

Жауап беру

Жылдам және нақты

Ұпай

Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай

Жүргізуші:

Тапқыр, білгір, дарынды,
Жарыс бар бүгін арынды.
Биология пәнін сүйсең сен,
Ортаға сал барыңды.

Білімнің ұшқырлығын танытыңдар, топтағы сайыскерлер жаңылмасын. Уақыт зымырап өте шығады, сондықтан асықпай, бірақ қалыспай жауап беріңдер.

Сұрақтар топтамасы

І топ – «Білгірлер»

  1. 1. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент қайсы?
  2. 2. Денесінде бақалшақ болатын амебаның бір түрі?
  3. 3. Тек қайың, қарағай, шырша маңында өсетін саңырауқұлақтар қалай аталады?
  4. 4. Балдыр жасушасына жасыл түс беретін не?
  5. 5. Пенициллин антибиотигі алынатын саңырауқұлақ?
  6. 6. Жасушаны алғаш рет көрген ғалым?
  7. 7. Амеба қалай қозғалады?
  8. 8. Өсімдік жүйесінің ең жоғары сатысы қалай аталады?
  9. 9. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?
  10. 10. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге не жатады?
  11. 11. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ?
  12. 12. Тек өсімдік жасушасында болатын органоид?
  13. 13. 20–30 метр тереңдікте өсетін балдыр?
  14. 14. Тостағанша гүлдің қай бөлігінде орналасады?
  15. 15. Фотосинтез барысында өсімдіктерде қандай зат түзіледі?

ІІ топ – «Тапқырлар»

  1. 1. Мүктерді зерттейтін ғылым?
  2. 2. Гүл дегеніміз не?
  3. 3. Туберкулез ауруының қоздырғышы?
  4. 4. Біржасушалы саңырауқұлақ?
  5. 5. Қай балдырлар біржасушалы болады?
  6. 6. Қағаз өндірісінде қандай өсімдік тектес шикізат пайдаланылады?
  7. 7. Қарағайлы орманда өсетін қына?
  8. 8. Күлте ішінде не орналасады?
  9. 9. Туберкулез қоздырғышын ата.
  10. 10. Бір гүлде аталық та, аналық та болса, ол қалай аталады?
  11. 11. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы қалай аталады?
  12. 12. Топырақты азотты заттармен байытатын бактериялар?
  13. 13. Қыналар пішіндеріне қарай неше топқа бөлінеді?
  14. 14. Кладофора балдырын пайдаланатын өндіріс саласы?
  15. 15. Микроскоптың препаратқа жарық түсіретін бөлігі?

ІІІ топ – «Алғырлар»

  1. 1. Қоңыр балдырға мысал келтір.
  2. 2. Қай балдырлар көпжасушалы?
  3. 3. Грекше «брион» сөзі қандай мағына білдіреді?
  4. 4. Тік сабақты өсімдікке мысал келтір.
  5. 5. Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек?
  6. 6. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы қалай аталады?
  7. 7. Гүлдің негізгі бөлімдері қандай?
  8. 8. Тыныс алу мүшелерінің ауруына не жатады?
  9. 9. Микроскоптың үлкейтетін екі шынысы бар бөлігі?
  10. 10. Өсімдікте жеміс түзілетін бөлік?
  11. 11. Қыналарға ең қажетті жағдай қандай?
  12. 12. Ағзаның жасушаларынан органикалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар?
  13. 13. Балдыр жасушасына жасыл түс беретін не?
  14. 14. Ботаника нені зерттейді?
  15. 15. Хлорофилл қай жерде орналасады?

IV топ – «Ойшылдар»

  1. 1. Қызыл балдырға мысал келтір.
  2. 2. Порфира балдырын қай өндірісте пайдаланады?
  3. 3. Жоғары сатыдағы өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
  4. 4. Жеуге жарамды саңырауқұлаққа мысал келтір.
  5. 5. Грекше «микос» сөзі қандай мағына білдіреді?
  6. 6. Аспергилл қандай саңырауқұлақтарға жатады?
  7. 7. Көзге көрінбейтін ұсақ ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым?
  8. 8. Грекше «бактерион» сөзі қандай мағына білдіреді?
  9. 9. Паразит саңырауқұлақтарға мысал келтір.
  10. 10. Антарктидада қынаның қанша түрі табылған?
  11. 11. Жүйенің ең кіші бірлігі қандай?
  12. 12. «Көкек зығыры» деп қай мүкті атайды?
  13. 13. Сабағы көп буын және буынаралықтардан тұратын өсімдік?
  14. 14. Тамырдың өзгерген түріне не жатады?
  15. 15. Қай өсімдікте тұқым жеміс серігімен тұтасып бірігіп кетеді?

Қорытынды бөлім

Қазылар сөзі

Сайыстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Жүргізушінің қорытынды сөзі

Заман қанша қиын-қысқау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Үздік биолог атанған жүлдегерді
Танытпасақ бола ма?

Бүгінгі «Көшбасшы – биолог» сайысы мәресіне жетті. Алда да биік белестерден көріне беріңдер! Сау болыңыздар!