Театрландыру сабақ
Сабақтың барысы
Төмендегі құрылым театрландыру элементтері мен интерактивті ойындарды біріктіріп, оқушылардың зерттеушілік ойлауын және командалық жұмысын күшейтуге бағытталған.
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, қатысымды тексеру.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Жаңа сабақты меңгерту
Кіріспе көрініс
А. Мұқатаевтың Тәуелсіздік ескерткіші туралы өлеңі немесе «Тарихқа саяхат» композициясы орындалады. Музыка (күй) ойнап тұрады, проектор арқылы мәдени мұралар көрсетіледі.
Мәтінмен жұмыс
Электронды оқулық мәтінімен жұмыс: негізгі ұғымдарды белгілеу, сұрақтарға жауап беру, қысқаша қорытынды жасау.
«Қайда? Кім? Қашан?» ойыны
Топтық жылдамдықШарты: 3 топқа сұрақтар қойылады. Топ мүшелері бірігіп, мүмкіндігінше тез әрі нақты жауап береді.
- Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі қандай өзгерістер әкелді?
- «Азияға жол іздеу» алабын кім құрды?
- Н. П. Рычковтың «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары» қашан шықты?
- И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
- Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
- Жанақ ақын шығармашылығының ең басты жетістігі қандай?
- Н. П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
- Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кімдер?
- Ақтамберді жырау қашан және қайда жерленген?
- Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау етті?
- Жоңғария картасын жасаған кім?
- Ақтамберді жырау қай өңірде өмір сүрді?
- П. С. Паллас «Россия мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» еңбегінде не туралы айтты?
- Ресей ғылым академиясының алғашқы корреспондент-мүшесі П. И. Рычковты кім қолдады?
- Қашан және қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі өтті?
«Тұлғаны таны» ойыны
Ұпаймен жұмысШарты: Оқушыларға тұлғаның бейнесі жасырылып беріледі. Тұлғаны табу үшін 6 ұяшыққа бөлінген сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап берген топ ұпай жинайды.
10 ұпай
СұрақҚазақстанды қай елдердің ғалымдары зерттей бастады?
Жауабы: Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады.
20 ұпай
СұрақҚазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы (1730–1750)» еңбектерінің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін сипаттап жазған ғалым кім?
Жауабы: П. И. Рычков.
30 ұпай
СұрақXIX ғасырдың 80-жылдарында өлке тарихын зерттеуші В. В. Веселовский Жоңғария картасын алғаш рет қайда жариялады?
Жауабы: Орыс географиялық қоғамының жазбаларында.
40 ұпай
СұрақҚазақстан туралы құнды картографиялық мәліметтер кімдердің жазбаларында кездеседі?
Жауабы: капитан В. Урусов, майор И. М. Лихарев.
50 ұпай
СұрақҚазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын атаңыз.
Жауабы: П. С. Паллас, И. Фальк, И. Георги.
60 ұпай
СұрақАбылай сұлтанды босатуға қатысуы туралы және Жоңғарияға сапарының қазақ даласы арқылы өткені жөнінде мәлімет қалдырған; Сібір (Түмен, Тобыл, Баянауыл) туралы материалдарды жинақтап, «Сібір тарихы» (1750) еңбегін жазған, «Сібір тарихының атасы» атанған кім?
Жауабы: Г. П. Миллер.
Жасырылған тұлға: I Петр. Оқушылар «I Петр туралы не білеміз?» тақырыбында қысқаша ой бөліседі.
Рөлдік ойын
ТеатрландыруШарты: Үш түрлі мәтін жасырылып қойылады. Әр топтың жетекшісі келіп, бір мәтінді таңдап алады. Топ мәтін мазмұнына сай шағын рөлдік қойылым дайындайды (дайындық уақыты беріледі). Қойылымнан кейін оқушылар пікір білдіреді. Мазмұнды дәл жеткізіп, шығармашылық шешім ұсынған топ марапатталады.
Жаңа сабақты бекіту
«Футбол» ойыны
Шарты: Оқушыларға парақшалар таратылады. Әр оқушы сұрақ жазып, оны қарсы топқа кезекпен лақтырады. Әр дұрыс жауап — 1 «гол» (ұпай). Соңында ұпай есептеліп, жеңімпаз анықталады.
«Кім тестке жылдам?»
Жылдам тексеру1) И. Г. Андреев, Я. Гавердовский қазақ жүздері туралы мәліметтер жинақтады. Қай жүз туралы мәлімет жинақтады?
- A) Ұлы жүз
- Ә) Орта жүз
- Б) Кіші жүз
2) Ақтамберді жырау қай жылдары өмір сүрді?
- A) 1706–1778 жж.
- Ә) 1675–1768 жж.
- Б) 1684–1781 жж.
3) XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, Қалқаман батырдың баласы, Абылай ханның кеңесшісі болған жырауды атаңыз.
- A) Ақтамберді
- Ә) Бұқар
- Б) Үмбетей
4) Айтыстарға қатысқан, философиялық ойларымен белгілі болған кім?
- A) Ақтамберді
- Ә) Бұқар
- Б) Үмбетей
5) Жанақ ақын қай жерде дүниеге келген?
- A) Шығыс Қазақстан, Абай ауданында
- Ә) Солтүстік Қазақстан
- Б) Шығыс Қазақстан, Абыралы ауданы
Үй тапсырмасы
Тақырып: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
- Мәнжазба жазу.
- Оқулықтың 64-бетіндегі құжатты оқу.
- «Тарихи шынжыр» ойынын құрастыру.
Бағалау
Бағалау жеке үлес пен топтық нәтижені бірге есептеуге негізделеді. Төмендегі өлшемдер бойынша ұпай жиналады.
| № | Оқушының аты-жөні | Мәтінмен жұмыс | «Қайда? Кім? Қашан?» | «Тұлғаны таны» | Рөлдік ойын | «Футбол» | Тест | Жалпы ұпай |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | ||||||||
| Топ ұпайы | ||||||||