Қай әңгіме әсерлі

Пән туралы қысқаша мәлімет

Бұл материал 5-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағының жоспарына негізделген. Сабақтың негізгі өзегі — тұрақты тіркестер және оларды мәтін ішінде орнымен қолдану.

Негізгі деректер

Пән
Қазақ тілі (5-сынып)
Тақырып
Тұрақты тіркестер
Сабақ түрі
Жаңа білім
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Топ ережелері, кестелер, плакаттар
  • Маркер, стикерлер, түсті қағаздар
  • «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланыс плакаты

Сабақтың мақсаттары

1) Білімдік

Тұрақты тіркестердің мәнін, ерекшеліктерін түсіндіру және мысалдар арқылы меңгерту.

2) Дамытушылық

Ауызша және жазбаша тілін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық қабілетін арттыру. Топпен жұмыс істеуге үйрету.

3) Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, жинақылыққа, сауаттылыққа және көркем жазуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер

  • Тақырып бойынша білімін тереңдетеді.
  • Мәтінді оқып, түсінгенін өмірмен байланыстырып айта алады.
  • Пікірін талқылап, сыныптастарымен ой бөліседі және өз ойын еркін жеткізеді.
  • Күрделі тапсырмаларды орындау арқылы қабілеттерін дамытады, сыни тұрғыда ойлауға машықтанады.
  • Өзін-өзі бағалап, өз жұмысын өзгелердің жұмыстарымен салыстырып, өзін-өзі реттей алады.

Сабақ барысы

I. Қызығушылықты ояту

(5 минут)
  • «Шаңырақ» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
  • Топ ережелері еске түсіріледі.
  • «Достығымызды сақтаймыз» ережесіне балама ретінде «Арасынан қыл өтпейді» тұрақты тіркесі талданып, бүгінгі тақырып анықталады.
  • Үй тапсырмасы тест арқылы тексеріледі.

II. Мағынаны ажырату

(25 минут)

1-тапсырма: Тест жұмысы

  1. 1) Тұрақты тіркес…

    • A) бірнеше мағына білдіреді
    • B) бір мағына білдіреді
    • C) ешқандай мағына білдірмейді
  2. 2) Синоним дегеніміз не?

    • A) мағынасы бірдей сөздер
    • B) мағынасы қарама-қарсы сөздер
    • C) мағынасы әртүрлі сөздер
  3. 3) Тұрақты тіркесті тап.

    • A) уайымшыл
    • B) қорқақ
    • C) қоян жүрек
  4. 4) «Қуанышты» сөзінің тұрақты тіркесін тап.

    • A) жүрек жұтқан
    • B) екі езуі екі құлағында
    • C) бармағын тістеді
  5. 5) «Ала көзімен атты» тұрақты тіркесінің мағынасын тап.

    • A) жек көріп қарау
    • B) мылтықпен атты
    • C) жақсы көріп қарау

2-тапсырма: Ізденіс жұмысы

  • Берілген сөздердің тұрақты тіркес түріндегі баламасын табу.
  • Берілген әңгімеден тұрақты тіркестерді теріп жазу.

3-тапсырма: Топтық жұмыс (сәйкестендіру)

1-топ: Тұрақты тіркестерді мағынасына қарай сәйкестендіріңіз

  • Бес саусақтай білу
  • Қас пен көздің арасында
  • Тонның ішкі бауындай
  • Санын соғу
  • Төбе шашы тік тұрды
  • он саусағындай білу
  • көзді ашып-жұмғанша
  • арасынан қыл өтпеу
  • бармағын тістеу
  • жаны зәр түбіне кетті

2-топ: Антонимдерді сәйкестендіріңіз

  • Ат ізін құрғатпау
  • Арасынан қыл өтпеу
  • Беті бүлк етпеу
  • Қолы ашық
  • Аузын ашпау
  • ат ізін салмау
  • қырық пышақ болу
  • бетінен оты шықты
  • қолы тар
  • аузы-аузына жұқпау

Топтық талқылау: Қай әңгіме әсерлі?

Әңгімені әсерлі ету үшін тұрақты тіркестерді мағынасына қарай орнымен қойып жазыңыз.

1-топ: Мәтін

Көшемен үйге қарай келе жатып әдемі қызды көрдім. Мен бұл ауылды жақсы білетінмін. Бір кезде қарасам, тез арада әлгі қыз көрінбей кетті. Лезде қайда кетті деп жан-жағыма қарадым. Мен жаңағы қызды тауып алдым. Қуанғанымнан күліп жібердім.

Қажетті тұрақты тіркестер

  • үріп ауызға салғандай
  • бес саусақтай білетінмін
  • көзді ашып-жұмғанша
  • қас пен көздің арасында
  • екі езуім екі құлағыма жетті

Автор туралы

Сазды орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Тлеуова Ләззат Кенжеғұлқызы.