Компьютерде модельдеудің кезеңдері
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасына сәйкес сабақта төмендегі мақсаттарға қол жеткізу көзделеді.
Электронды кесте элементтерін пішімдеу
Электронды кестеде шартты форматтауды қолдану
Электронды кестеде диаграммалар құру
Электронды кестеде автоматтандыруды қолдану
Сабақ құрылымы
Сабақ кезеңдері оқушы белсенділігін арттырып, модельдеу мен есептеу дағдыларын практика арқылы бекітуге бағытталған.
Сабақтың басы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- «Көңіл-күйлерің қалай? Сабаққа дайынсыңдар ма?» сұрақтары арқылы психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
- Қысқа ынталандыру: «Керемет!» (қол көтеру), «Тамаша!» (шапалақ).
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Сұрақ-жауап арқылы тексеру; әр дұрыс жауап үшін бір асық беру.
III. Топқа бөлу және ережені еске салу
- Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
- Топтар: Ақпараттық модель, Математикалық модель, Компьютерлік модель.
Сабақтың ортасы
Сабақтың тақырыбын ашу үшін слайдтағы суреттер мен бірнеше модель түрі көрсетіледі. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылып, жаңа тақырып анықталады.
Талқылау сұрақтары
- Компьютерде модельдеуді жүргізуде электронды кестелерді қалай қолдануға болады?
- Электронды кестеде есептеулер орындауға бола ма?
- Физика, математика сияқты пәндердегі есептеулерді электронды кестеде жүргізуге бола ма?
Оқушылар оқулықтағы және үлестірмелі материалдармен жұмыс істейді. Жұмысты «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісімен орындайды.
I топ
Компьютерде модельдеу теориясы
II топ
Компьютерде модельдеудің кезеңдері
III топ
Қарапайым есептерді электронды кестеде модельдеу
Бағалау: топтардың жұмысын «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Оқушылар еркін сезіну үшін әуен ырғағына қосылып қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуын орындайды.
Оқушылар компьютерде жеке жұмыс жасап, Excel бағдарламасында модельдеуді практика арқылы меңгереді.
Тапсырма №1 (оқулық, 81-бет)
- Есептің шешу жолдарын анықтау.
- Модельдеу кезеңдерін орындау.
- Кесте элементтерін дұрыс пішімдеу.
Тапсырма №2
- Есептің шығару жолдарын анықтау.
- Компьютерлік моделін жасау.
- Диаграмма құру.
Мұғалім туралы
К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Карибасова Гүлжанар Нұрғазиновна
Материал: «Электронды кестедегі есептеулер»