Тапқыр достар Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың физика пәні бойынша танымын арттыру, негізгі ұғымдарын кеңейту және түсінігін тереңдету.
Дамытушылық
Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, бұрынғы түсініктерін жаңа ұғымдармен толықтыру.
Тәрбиелік
Физика пәніне қызығушылық ояту, ойын арқылы адамгершілікке, тапқырлыққа, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі
Ой қозғау әдісі, дамыта оқыту.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, дайындалған слайдтар, физикаға қатысты қанатты сөздер.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Ойынның шарттарымен таныстыру.
- Екі топ қатысады: «Тапқырлар» және «Алғырлар».
- Ойынды бастау үшін екі ұяшық беріледі; ұяшықты топ басшылары таңдайды.
- №1 шыққан топ бірінші болып бастайды.
Бағалау логикасы
Әр турда жиналған ұпайлар топ қоржынына қосылады. Соңында әр турдың және жалпы ұпайлар жарияланып, жеңімпаз топ марапатталады.
Маңызды: Кей тапсырмаларда ұяшық саны артқан сайын күрделілік те өседі, ал бір ұяшықта тосын сый бар.
Турлар мен тапсырмалар
1-тур: «Сөз тапқанға»
Тақтада төрт ұяшық беріледі. Әр ұяшықтағы сөздерді дұрыс ретпен орналастырып, артық сөзді алып тастау қажет.
1-ұяшық
Берілген сөздер: Күн, өткен, сөз, құнды, жоғалмас, оралмас, жәрмеңке.
Дұрыс нұсқа: Өткен күн оралмас, құнды сөз жоғалмас.
2-ұяшық
Берілген сөздер: Қызған, соқ, темірді, балқыған, кезде.
Дұрыс нұсқа: Темірді қызған кезде соқ.
3-ұяшық
Берілген сөздер: Ұзын, қол, күймес, болса, балға, көсеу.
Дұрыс нұсқа: Көсеу ұзын болса, қол күймес.
4-ұяшық
Берілген сөздер: Десең, сыйлас, болам, жаулас, десең, ел, қор, болам, кіріспе.
Дұрыс нұсқа: Қор болам десең — жаулас, ел болам десең — сыйлас.
2-тур: «Сен білесің бе?»
Тақтада сегіз ұяшық беріледі. Ұяшық саны өскен сайын тапсырмалар күрделене түседі. Тапсырманы орындаған оқушы сол ұяшықтың ұпайын өз тобына қосады. Бір ұяшықта тосын сый бар: ұпай бірден беріледі.
5-ұяшық
Тосын сыйҰпай бірден беріледі.
10-ұяшық
Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтеріледі. Доптың жолын және орын ауыстыруын анықта.
Жауабы: жолы — 4 м, орын ауыстыруы — 2 м.
5-ұяшық
Бір адам 5 км жолды 2 сағатта жүрді. Осы қашықтықты 5 адам неше сағатта жүріп өтеді?
Жауабы: 2 сағат.
15-ұяшық
Массасы 5,4 кг алюминий құймада зат мөлшері қандай?
Жауабы: 200 моль.
15-ұяшық
Қандай биіктікте массасы 2 кг жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең болады?
Жауабы: 0,5 м.
5-ұяшық
Изопроцестерді ата.
Жауабы: изобара, изотерма, изохора.
10-ұяшық
Жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасайды. Тербеліс периодын анықта.
Жауабы: 0,25 с.
5-ұяшық
Қаз бір аяқпен тұрғанда салмағы 5 кг болса, екі аяқпен тұрғанда салмағы қанша болады?
Жауабы: 5 кг.
3-тур: «Ойлан, тап»
Тақтадағы берілген сөздерден 1 минут ішінде мүмкіндігінше көп сөз құрастыру керек. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі.
Берілген әріптер
ы р ғ а қ т ы л ы қ п е н
4-тур: «Тапқырлар»
Тақтада әр топқа 5 сурет көрсетіледі. Әр сурет бойынша 15 секунд ішінде мақал-мәтел айту керек.
«Алғырлар» тобына берілетін суреттер
- Бұлақ
- Бидай
- Кітап
- Үй
- Жүгері
«Тапқырлар» тобына берілетін суреттер
- Құдық
- Бесік
- Жылқы
- Тау
- Жаңбыр
Қорытынды
Ұпайларды жариялау
Әр тур бойынша және жалпы жиналған ұпайлар хабарланады.
Жеңімпазды анықтау
Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.
Марапаттау
Жеңімпаз топ марапатталып, қатысушыларға ынталандыру сөздері айтылады.