Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын ажырата білу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп және мұғалім

Есілбай жалпы орта білім беру мектебі, математика пәні мұғалімі — Айтмағанбетова Құралай Каримоллақызы.

Сынып және тақырып

6-сынып. Тақырыбы: Сан аралықтары.

Мақсаты

Сан аралықтарын, сондай-ақ теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтары арқылы белгілеуді меңгерту және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Білімдік

Теңсіздіктер шешімін сан аралықтарымен жаза білуге және координаталық түзуде кескіндей білуге үйрету.

Тәрбиелік

Жылдам ойлап, дәл нәтижеге келуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлауын дамыту.

Міндеттері

  • Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын ажырата білу.
  • Сан аралықтарын іс-тәжірибеде дұрыс қолдану.
  • Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын таба білу.
  • Оқушыларды ізденіске және ойлануға баулу.

Қолданылатын модульдер

  1. 1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер

  2. 2. Сыни тұрғыдан ойлау

  3. 3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану

  4. 4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  5. 5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

  6. 6. Оқытудағы басқару және көшбасшылық

Стратегиялар мен әдіс-тәсілдер

Психологиялық ахуал

Мақсаты — жағымды эмоция орнатып, оқушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа енгізу.

Мұғалімнің тілегі:

  • Күннің шуағындай жылу тілеймін.
  • Қажымас қайрат тілеймін.
  • Таудай талап тілеймін.
  • Сәттілік тілеймін.

Топқа бөліну (мозайка)

Мақсаты — серіктестік қарым-қатынасқа қолайлы орта құру. Оқушылар мозайка сурет қиындылары арқылы топтасады.

1-топ

Интервал

2-топ

Кесінді

Әр топта топ басшысы таңдалып, топ мүшелеріне жылы лебіз білдіреді. Оқушылар алақан жылуы арқылы бір-біріне ізгі тілектер айтып, сабаққа кіріседі.

«Көршіңді тексер»

Мақсаты — оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Слайдта үй жұмысының дұрыс шешімі көрсетіледі.

Үй тапсырмасы: №1 карточка, 1007(1).

Оқушылар бір-бірінің дәптерін тексеріп, өзара бағалау жүргізеді.

«Кубизм» стратегиясы

Шарты: әр топқа сұрақтар кубик арқылы ұсынылады, оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мақсаты — өткен сабақтағы білімді жинақтау, қорытындылау және бекіту; жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.

«Болжау» стратегиясы

Мақсаты — ой белсенділігін арттыру. Оқушыларға мысалдар ұсынылып, олардан болжам жасап, дәлел келтіру сұралады (слайд арқылы).

Күтілетін нәтиже

Ажыратады

Координаталық түзудің бойындағы сан аралықтарын анықтап, түрлерін ажыратады.

Қолданады

Сан аралықтарын тәжірибеде дұрыс қолданып, есептерді шығарады.

Табады

Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын анықтайды.