Бой сергіту сұрақтарға жауап беру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы
Сан есім. Бекіту сабағы (слайд арқылы)
Сабақтың түрі
Бекіту сабағы
Сабақтың әдістері
- Топпен жұмыс
- Жұппен жұмыс
- Деңгейлік тапсырмалар
- Тірек сөздермен жұмыс
Көрнекіліктер
Бағалау парағы, фишкалар, бөшке, слайдтар, смайликтер
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, тарих
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сан есім және оның жасалу жолдары мен түрлері бойынша білімді ауызша және жазбаша талдау жұмыстары арқылы бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту; оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру; сөздік қорын молайту; сөйлеу шеберлігі мен тіл байлығын жетілдіру.
Тәрбиелік
Оқушыны ойлылыққа жетелеу; пәнге қызығушылығын арттыру; туған тілін сүюге тәрбиелеу; Тәуелсіз, егемен еліміздің тұғырын биік ұстап тануға баулу.
Сабақтың басталуы
Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру, назарды сабаққа аудару.
Сабаққа кіріспе (ситуациялық әңгіме)
— Қыс мезгілі биыл қандай болар екен?
— Демалыс күндері алғашқы қар жауып, ауылымыз бен мектептің алдын бір-екі күнде қар басып қалыпты.
— Ендеше, балалар, мектепке кіру үшін күрекпен қарды шығарып, қар салатын жұлдызды үш жәшік жасауымыз керек.
Ойын-сабақ: «Бақытты сәт»
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын және білімге қызығушылығын арттыратын «Бақытты сәт» ойынын бастаймыз.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды; ол әрдайым батыл болады. Сондықтан бүгінгі сан есімді қайталау сабағымыздың эпиграфы төмендегідей:
Өмірдің өзі адамды тірестірген,
Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.
Айнала отырып ап исі қазақ,
Азаматын өзара күрестірген.
Ескерту
Әр кезеңнен кейін ұпай саны хабарланып отырады. Бағалау фишкалар арқылы жүргізіледі.
Сайыс құрылымы
Ойын 5 кезеңнен тұрады.
Ойын бағдарламасы (5 кезең)
-
1-кезең
Бой сергіту: сұрақтарға жауап беру
-
2-кезең
Бөшкеден шыққан бас қатырғылар
-
3-кезең
Жұмбақтас
-
4-кезең
«Сен маған, мен саған»: үй тапсырмасы
-
5-кезең
Көсемдікке ұмтылу
Топтармен танысу
Сәлемдесу сөзі
Сәлемдесу — игі дәстүр, киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда,
Жолданады сайыскерлер сәлемі!
Сәлем — сөздің анасы!
1-топ: «Ақ жебе»
Ұран
Қандай сынақ болса-дағы беріспе,
Әрқашанда үміткер бол жеңіске!
2-топ: «Қаршыға»
Ұран
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
1-кезең: «Бой сергіту»
Өту тәртібі
- Әр командаға 10 сұрақтан беріледі.
- Талдауға 5 минут бөлінеді.
- Команда жауап береді, қарсы команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалайды.
- Ең көп дұрыс жауап берген команда жеңеді.
Бағалау
Ұпай саны әр кезеңнен кейін жарияланады. Бағалау фишкалар арқылы жүргізіледі.
1-топқа арналған сұрақтар (10)
-
1. Сан есімге анықтама (ереже) бер.
-
2. Сан есім қалай түрленеді?
-
3. Жинақтық сан есімнің жұрнақтарын ата.
-
4. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар қалай жазылады?
-
5. Реттік сан есімдер қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
-
6. «Ондаған» сөзін тұлғасына қарай талда.
-
7. Бөлшектік сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
-
8. Ондық бөлшек қалай жасалады? Мысал келтір.
-
9. Топтау сан есіміне сипаттама бер.
-
10. Сан есім сөйлемнің қандай мүшесі қызметін атқарады?