Сабақтың міндеті. Сабақтың түрі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырыбы

Екпіннен өткенді қайталау (5-сынып)

Сабақтың түрі

Өткен сабақты қайталау

Сабақтың мақсаты

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып, екпінді ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану; тілдік норманы түсіну; екпіннің құрылымдық ерекшеліктерін және байланыстарын ажырату.

Сабақтың әдістері

  • СТО стратегиялары
  • Ақпараттық технологиялар
  • Проблемалық-ізденіс әдісі
  • Ойын элементтері

Жұмыс түрлері

  • Жеке жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Компьютер
  • Тестерлер, кестелер
  • А. Құнанбайұлының портреті
  • Оқулық

Пәнаралық байланыс

  • Әдебиет: А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
  • Бейнелеу өнері: портрет

Сабақтың міндеттері

1) Мазмұнға байланысты

  • Екпін туралы білімді жинақтап, сөздерге дұрыс қоя білу.
  • Екпін түрлерінің ерекшеліктері мен артықшылықтарын ажырату.
  • Алған білімді практикалық түрде қолдану.

2) Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

  • Ұсынылған теориялық мәліметтерді зерттеп, жан-жақты талдау.
  • Ойды жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастыру.
  • Логикалық ойлау мен есте сақтауды дамыту.
  • Ауызекі сөйлеуді жетілдіруге арналған шығармашылық жұмыстар орындау.

3) Топтық жұмыс дағдылары

  • Бірін-бірі оқыту және қолдау.
  • Ұжымда жұмыс істеу, тыңдау, өз көзқарасын білдіру.
  • Басқаның пікіріне түсіністікпен қарау.
  • Достық қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу.
  • Ақын-жазушыларды сүю және қадірлеу.

Сабақтың барысы

I. Қызығушылықты ояту (2–3 минут)

Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу
  • Сыныппен танысу
  • Келген қонақтар туралы қысқаша мәлімет

Кіріспе

Бүгін біз «Екпін» тақырыбы бойынша өткенді қайталап, сөйлеуде екпінді дұрыс қоюға жаттығамыз.

1) «Көңілашар» ойыны

Оқушыларға өлең жолдары ұсынылып, сынып 3 топқа бөлінеді.

Жасыл жайлау түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайда жүрсең, атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің көзі қимай оны,
Ұясына батады екен.

II. Сыныппен жұмыс

Психологиялық дайындық: «Өрмек» ойыны

Оқушылар бір-біріне жіп ұсына отырып, сабаққа және бүгінгі күнге қатысты жақсы тілек айтып, сәттілік тілейді.

Проблемалық жағдай

Тақтадан екпіні дұрыс қойылмаған сөздер көрсетіледі. Оқушы қателікті өзі анықтап, дұрыс нұсқасын айтады:

тәлім-тәрбие ата-ана естіп алды тыңда көрсет көп сөйледі

Сұрақ-жауап

  • Екпін бізге не үшін қажет? — Дұрыс сөйлеу үшін.
  • Екпін туралы не білеміз? — Алдыңғы білімді еске түсіріп, талдаймыз.

«Екпін» ассоциациясын құрастыру

Оқушылар екпін ұғымына қатысты ассоциациялар жасап, негізгі түсініктерді топтастырады.

III. Мағынаны тану

1) «Білімділер сайысы»

  • Тақтадан А. Құнанбайұлының суреті көрсетіліп, кім екені сұралады.
  • Оқушылар қысқаша пікір айтып, деректерді еске түсіреді.

2) ББҮ стратегиясы: «Білемін — Білгім келеді — Үйрендім»

Оқушылар үш бағаннан тұратын күнделік толтырады: алдымен білетінін және білгісі келетінін жазады, тапсырмадан кейін «Үйрендім» бөлігін толықтырады.

Білемін

Алдын ала білімдерін жазады.

Білгім келеді

Қандай сұрақтарға жауап іздейтінін көрсетеді.

Үйрендім

Тапсырмадан кейін қорытындылайды.

3) Оқулықпен жұмыс

153-беттегі 348-жаттығу орындалады: оқушылар алдымен жеке оқиды, кейін жұппен талдайды, соңында топпен бірігіп «Үйрендім» бөлігін толтырады.

4) Тақтамен жұмыс: буынға бөлу

Оқушылар төмендегі сөздерді тақтаға шығып, буынға бөліп жазады:

ә-леу-мет-тік қи-ял жү-йе-лі мей-і-р-ім-ді

Сергіту сәті

Слайд арқылы берілген тіркестер біртіндеп қысқартылып көрсетіледі, оқушылар есте сақтап, қайта айтып шығады:

  • Қазақтың бас ақыны
  • Жазушы
  • Жазба әдебиетінің негізін қалаушы
  • Адам
  • Әділет

IV. Ой-толғаныс

1) Шығармашылық жұмыс: «Мен Абай атаммен кездессем…»

Оқушылар эссе жазады. Бағалау әр жұмысқа берілетін жетондар арқылы жүргізіледі: жұлдызша, төртбұрыш, үшбұрыш.

Жұмбақ тапсырмасы

Жұмбақтың шешуіндегі өзгешелікті түсіндіріп, екпіннің қай буынға түсетінін анықта:

К-дан бастап оқысақ — құс атауы, қарашы.
Е-ден бастап оқысақ — жалқау бала бағасы.

Шешуі: кекілік, екілік. Екпін қай буынға түсіп тұр?

2) Топтық тапсырма: «Екінші буыным қайда?»

Әр топ тапсырманы орындайды, нәтиже жетондар арқылы бағаланады.

3) Тест жұмысы (компьютер арқылы)

Тест нәтижесі компьютерде бірден шығып тұрады: дұрыс жауап пайызы және оқушының нәтижесі көрсетіледі.

100% – 90%

Баға: 5

80% – 70%

Баға: 4

60% – 50%

Баға: 3

40%-дан төмен

Баға: 2

Тест сұрақтары

  1. 1) Фонетиканың зерттейтін саласы?

    • A) тіл дыбыстары
    • B) сөздер
    • V) сөз тіркестері
  2. 2) Тіл қатынасына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

    • A) еріндік, езулік
    • B) жуан, жіңішке
    • V) ашық, қысаң
  3. 3) Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

    • A) 3
    • V) 4
    • B) 2
  4. 4) Екпін деген не?

    • A) фонетикалық құбылыс
    • B) сөздердің жазылуы
    • V) дыбыстардың жазылуы
  5. 5) Сөз екпіні деген не?

    • A) бір дыбыстың ерекше айтылуы
    • B) бір ойдың ерекше айтылуы
    • V) бір буынның көтеріңкі айтылуы
  6. 6) Тіркес екпінінің басқа екпіндерден ерекшелігін көрсет.

    • A) бір ойды басқа оймен салыстырады
    • B) бірнеше сөз тізбектеліп келіп, бір екпінге ие болады
    • V) сезім бір сөз арқылы жетеді
  7. 7) Дыбыс екпіні қалай жасалады?

    • A) дыбыс арқылы
    • B) сөз арқылы
    • V) сөз тіркестері арқылы
  8. 8) Сөйлемнен ой екпіні түсіп тұрған тіркесті тап. «Апасы бүгін қалаға кетті.»

    • A) бүгін кетті
    • B) апасы бүгін
    • V) қалаға кетті
  9. 9) Қазақ тілінде сөз екпіні көбіне қай буынға түседі?

    • A) бірінші буынға
    • B) екінші буынға
    • V) соңғы буынға
  10. 10) «Ура, алақай, жаса» сөздері екпіннің қай түріне жатады?

    • A) тіркес екпіні
    • B) дыбыс екпіні
    • V) ой екпіні

Жұмыс қорытындысын компьютер автоматты түрде шығарып, бағалайды.

V. Бағалау

Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағаланады. Соңында әр оқушы өз бағалау парағына қорытынды бағасын қояды.

VI. Үй тапсырмасы (деңгей бойынша)

1-деңгей

Абайдың «Жазғытұры» өлеңін мәнерлеп оқу.

2-деңгей

«Жазғытұры» өлеңінен ой екпінін тауып, белгілеп келу.

3-деңгей

«Мен — екпінмін» тақырыбында эссе жазу.