АЖай бөлшектерге амалдар қолдану5 сыныпСабақтың тақырыбы
Оқу мақсаттары
5.1.2.17
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.
5.1.2.18
Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау.
Сабақтың мақсаты
Барлығы
- Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу, азайту ережелерін біле отырып есептер шығарады.
- Натурал саннан бөлшекті азайту ережесін қолданып есеп шығарады.
Кейбіреуі
- Жай бөлшектерді қосу және азайту амалдарын мәтіндік есептерді шығаруда қолданады.
Бағалау критерийлері
- 1 Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайту ережелерін біледі.
- 2 Натурал саннан бөлшекті азайтады.
- 3 Бөлімдері бірдей және бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу және азайтуға берілген есептерді шығара алады.
- 4 Жай бөлшектерді қосу және азайту амалдарын мәтіндік есептерді шығаруда қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология
Қосу, азайту, алым, бөлім, жай бөлшек, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек.
Диалог пен жазылымға қажетті тіркестер
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) үшін, … керек.
- Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қосу (азайту) үшін, … керек.
- Толықтауыш көбейткішті табу үшін, … керек.
- Бірінші бөлшектің толықтауыш көбейткіші … болады.
Құндылықтарға баулу
- Өз бетінше және топпен жұмыс жасау мәдениетін дамыту.
- Бірін-бірі сыйлау, бірлікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
- Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
- Жауапкершілікке баулу.
Пәнаралық байланыс
Алдыңғы білім
- Жай бөлшек, дұрыс және бұрыс бөлшек ұғымдарын біледі.
- Натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) таба алады.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минутОқушылармен амандасып, түгендеу жүргізіледі және сабаққа дайындығы тексеріледі.
Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында сынып топтарға бөлінеді.
Үй тапсырмасы сабақ соңында оқушылардың жұмыс дәптерлері жиналып, тексеріледі.
Қайталау сұрақтары
- Жай бөлшек дегеніміз не?
- Жай бөлшектің қандай түрлерін білеміз?
Жауаптар анықталғаннан кейін (дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан) оқушыларға кеспе қағаздар таратылады да, аралас құрамды топтарға біріктіріледі:
- I топ: Дұрыс бөлшектер
- II топ: Бұрыс бөлшектер
- III топ: Аралас сандар
II. «Миға шабуыл»
15 минутI топқа — 1-тапсырма
Оқушылар жұппен жұмыс істейді: 2×4 өлшемді тіктөртбұрыш салып, оны 8 тең бөлікке бөледі. Тіктөртбұрыштың 3/8 бөлігін көк түспен, ал 2/8 бөлігін қызыл түспен бояйды.
Сұрақтар
- 1 Тіктөртбұрыштың барлығы қанша бөлігі боялды?
- 2 Орындалған әрекетті санды өрнек арқылы қалай жазуға болады?
Дескриптор
- 2×4 өлшемді тіктөртбұрыш салады.
- Тіктөртбұрышты 8 тең бөлікке бөледі.
- 3/8 бөлігін көк түске бояйды.
- 2/8 бөлігін қызыл түске бояйды.
- Сұрақтарға жауап беріп, қосу ережесін қорытып, формула құрастырады.
Негізгі қорытынды
Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда олардың алымдарын қосып, нәтижені алым етіп жазады, ал бөлімін өзгеріссіз қалдырады.
Ереже (үлгі)
(a/b) + (c/b) = (a + c)/b