Төлеген бейнесі
Мақсаттар мен күтілетін нәтиже
Жалпы мақсат
Тақырыпты терең ашу арқылы оқушыларды шапшаң ойлауға, ұтымды жауап беруге, салыстыра білуге және өзгенің жауабын бағалай алуға дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі
Сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың құрылымы
Сабақ интерактивті тапсырмаларға құрылады: бейнекөрініс, мәтінмен жұмыс, топтық талқылау және шығармашылық тапсырмалар. Әр кезең оқушының пікір айтуына, дәлелдеуге және салыстыруға мүмкіндік береді.
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу
- Сыныпты 3 топқа бөлу
2) «Ыстық орындық»
жедел сұрақ-жауапӘр топтан жырдан үзінді жаттаған оқушылар шақырылып, мазмұн мен кейіпкер әрекетіне қатысты сұрақтарға жауап береді.
3) Қызығушылықты ояту
бейне талдау«Қыз Жібек» фильмінен үзіндіні тамашалау арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Оқушылар көріністен кейіпкерлердің мінезі мен шешімдерінің себеп-салдарын байқайды.
4) Мәтінмен жұмыс: «Кім жылдам?»
топтық сұрақтарI топ
- Бата туралы не білесіңдер?
- «Теріс бата» дегеніміз не?
- Жырда Төлегеннің әкесінен теріс бата алуы оның болашағына әсер етті деп ойлайсыңдар ма?
II топ
- Төлегеннің әкесін тыңдамай кетуі дұрыс па?
- Дәстүр бойынша ұл әке сөзін тыңдайды. Бұл ұстанымның маңызы неде?
- Қазіргі кезде балалар ата-анасының сөзіне қаншалықты құлақ асады?
III топ
- Жібек пен Төлеген арасындағы адал махаббат бүгінгі күнде бар ма?
- Қазіргі заманда «Жібек» бейнесіндегі арулар бар ма? Неліктен?
5) Мағынаны тану: «Ойлан – топтас – талқыла»
терең талдау1 топ
Қыз Жібек бейнесін ашу: мінезі, көркі, сөзі, таңдауы.
2 топ
Төлеген мен Бекежанды салыстыру: мақсат, әрекет, адамгершілік өлшемі.
3 топ
Төлеген бейнесі: ерлік, серт, махаббатқа адалдық.
6) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы сергіту. (Жер өңдеу тақырыбына байланысты қимылдық жаттығу қолдануға болады.)
7) Ой толғаныс: «Кім тапқыр?»
шығармашылық жұмысI топ
«Егер мен Бекежан болсам…» (кейіпкер іс-әрекетіне балама шешім ұсыну)
II топ
«Жібек пен Төлегеннен сұхбат алу» (сұрақ құрастыру, жауапты негіздеу)
III топ
«Бата беру» (дәстүр мен тіл мәдениетін сақтай отырып бата мәтінін құрастыру)
Автор туралы мәлімет
ОҚО, Сайрам ауданы, №10 Қарабұлақ жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Адахамова Халисхан