Бәйшешек гүлін жасау

Сабақ тақырыбы

Бисерден бұйым жасау

Сабақ типі

Аралас сабақ

Сабақ түрі

Сарамандық, топтық

Әдістер

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау

Пәнаралық байланыс

Математика, тарих

Көрнекілік

Слайдтар, суреттер, дайын бұйымдар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың моншақпен тоқу бойынша білімін жүйелеу, күнделікті тұрмысқа қажетті әрі қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасату.

Дамытушылық

Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Қолөнерге қызығушылықты арттыру, ептілікке, талғампаздыққа және шыдамдылыққа баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгендеу.
  2. Дайындықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау сұрақтары

  1. Бисер дегеніміз не?
  2. Стеклярус дегеніміз не?
  3. Бисерді ең көп шығаратын елдерді ата.
  4. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
  5. Бисердің отаны қай ел?
  6. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
  7. Бисердің түрлері қандай?
  8. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

Жауаптар

1) Бисер
Ортасында тесігі бар ұсақ моншақтар. Түрлі түсті болады. Құрамына қарай шыны және металл бисер болып бөлінеді.
2) Стеклярус
5–10 қырлы немесе цилиндр пішінді шыны түтікше.
3) Ең көп өндіретін ел
Жапония.
4) Кестелеуге қойылатын талап
Ұқыптылық, дәлдік және ұзақ уақыт еңбектенуді қажет ететін шыдамдылық.
5) Бисердің отаны
Ежелгі Египет. Ол жерде түрлі түсті шыныдан ірі моншақтар жасаған.
6) «Бисер» сөзінің мағынасы
Арабтың «буера» сөзінен шыққан, «ортасы тесік моншақ» дегенді білдіреді.
7) Түрлері
Қарапайым бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, «Шорлот».
8) Қолданылуы
Әйелдер мен қыз-келіншектер киімінің өңірін кестелеуге, әртүрлі әшекей және сәндік бұйымдар жасауға қолданылады.

III. Жаңа материалды меңгерту

1) Бисерден жасалатын әшекейлер

Бисерден жасалған әшекейлер түрлі түсті шыны моншақтардан тұрып, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті ертеден-ақ шеберлерді қызықтырған. Қазіргі кезде бисер өру дәстүрі қайта жаңғырып, өнер саласында қолданылу аясы кеңеюде.

Бисер мен стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік шағын бұйымдарды жасауға арналған материал ретінде қолданылады. Бүгінде бисер көбіне әшекей бұйымдар жасауға пайдаланылады: моншақ, алқа, сырға, белдік, кулон, білезік және т.б.

2) Бисерден бұйым жасау технологиясы: «Бәйшешек» гүлі

Бәйшешек — Қазақстанның оңтүстігінде көктемнің алғашқы гүлдерінің бірі. Сол себепті халық оны «бәйшешек» деп атайды. Кей жылдары тіпті қаңтар айында да гүлдеп шығады. Осы нәзік гүлді бисерден жасап көреміз.

Жұмыс орнын ұйымдастыру

Бисермен тоқу жұмысы қызықты әрі жылдам жүруі үшін құрал-саймандардың толық болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу да маңызды.

IV. Сарамандық жұмыс

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Бисер: ақ және жасыл түстер
  • Бисер салатын ыдыс
  • Сым темір
  • Гипс
  • Акрил бояуы

Нұсқау

«Бәйшешек» гүлін жасаудың нұсқау картасы бойынша жұмысты орындау.

Ескерту: жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қайшымен және сым темірмен мұқият жұмыс жасаңыз.

V. Қорытындылау

«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбында шағын эссе жазу.

VI. Бағалау

Оқушылардың жұмыстары орындалу сапасы, ұқыптылық, қауіпсіздік ережелерін сақтау және уақытты тиімді пайдалану критерийлері бойынша бағаланады.

VII. Үйге тапсырма

«Бәйшешек» гүлін бисермен тоқып келу.