Параллель жалғаудың белгісі
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз бетімен ізденуін қолдау және шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбы бойынша сабақты төмендегі үлгіде өткіздім.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Жаңа білімді қалыптастыру
- Оқыту технологиясы
- Деңгейлік оқыту технологиясы
- Сабақ әдістері
- Тәжірибелік жұмыс, сұрақ-жауап, салыстыру, бағалау
- Пәнаралық байланыс
- Математика, информатика, сызу және т.б.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Тұрақты ток заңдарын меңгерту, алған білімді тұрмыста, техникада және күнделікті өмірде қолдануға үйрету.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту, өздігінен ізденуге бағыттау, шығармашылық дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Ептілікке, іскерлікке, ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар
- Компьютер, экран
- Ток көзі, жалғағыш сымдар
- Шамдар, реостат
- Резисторлар: 5 Ом және 10 Ом
Сабақтың барысы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
-
2
Үй тапсырмасын қайталау
-
3
Жаңа тақырыпты түсіндіру
-
4
Жаңа тақырыпты бекіту
-
5
Үй тапсырмасын беру
Қызығушылықты арттыру тапсырмасы
Оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділігін көтеру үшін сәйкестендіру тапсырмасы орындалды: ғалымдар мен өлшем бірліктерінің атаулары.
Атауы
Амперметр
Неміс
Атауы
Вольтметр
Француз
Атауы
Кулон
Итальян
Атауы
Ом
Француз
Ток күші
I = q / t
Электр кернеуі
U = A / q
Ом заңы
I = U / R
Ой қозғау (сұрақ-жауап)
-
Ток күші дегеніміз не? Формуласы және өлшем бірлігі қандай?
-
Ток күшін қандай аспаппен өлшейді? Амперметр тізбекке қалай қосылады?
-
Ом заңы қалай айтылады? Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не, белгіленуі және өлшем бірлігі қандай?
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тұрақты токты сипаттайтын үш шама — ток күші, кернеу және кедергі — арасындағы байланысты меңгергеннен кейін электр тізбегіне өткізгіштерді қосудың екі негізгі тәсілін қарастырамыз: тізбектей және параллель жалғау.
Схема 1 — Тізбектей жалғау
Әр өткізгіш арқылы бірдей ток өтеді, себебі ток тармақталмайды.
Негізгі қатынастар
Ток күші
I = I₁ = I₂
Кернеу
U = U₁ + U₂
Кедергі
R = R₁ + R₂
Схема 2 — Параллель жалғау
Параллель қосылғанда өткізгіштердің ұштары ортақ түйіндерге бірігеді, сондықтан ток тармақтарға бөлінеді.
Негізгі қатынастар
Ток күші
I = I₁ + I₂
Кернеу
U = U₁ = U₂
Кедергі
1/R = 1/R₁ + 1/R₂
Бекіту: деңгейлік есептер
№1
Электр плитканың спиралының кедергісі 55 Ом. Плитка 220 В желіге қосылған. Спиральдағы ток күшін есептеңдер.
№2
Электр тізбегіндегі ток күші 2 А, электр шамының кедергісі 14 Ом. Шамдағы кернеуді табыңдар:
- A) 28 В
- B) 7 В
- C) 0,125 В
- D) 16 В
№3
Егер тізбек учаскесінің кедергісі 0,2 кОм, ток күші 100 мА болса, ондағы кернеу қандай болады?
Қорытынды
Оқушылар сабақты Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды: тізбектей және параллель жалғаудың ортақ және айырмашылық белгілерін салыстырады. Нәтижесінде кез келген тізбек үшін кедергі, кернеу, ток күші мәндерін есептеуге болатыны бекітіледі.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
Тақырыпты оқып келу.
Бағалау
Топ басшылары бағалау парағы арқылы топтағы әр оқушының жауабына сәйкес бағасын қояды.